Евразия24Арғы беттеТрамптың өз әлемі бар

Трамптың өз әлемі бар

|

|

«Көпшілігі қазір жаңа Ялта келісімі болуы мүмкін деп айтып жүр. Бірақ Ялта екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде өткенін ескеру керек. Ол жерде жеңімпаз мемлекеттер бас қосты. Ал Трамп кімді жеңді?

Әлемдегі ірі ядролық державалардың арасында ешқандай диалог жоқтығы — бұл, әрине, жаман нәрсе. Бірақ дәл қазіргі сәтте АҚШ-пен Ресейдің де, Қытайдың да талқылайтын нақты тақырыбы жоқ. Болған күннің өзінде, тек кейбір жекелеген мәселелерді ғана сөз етуі мүмкін. Ал жалпы, әзірге үлкен тақырып жоқ. Өйткені Дональд Трамп ешкімді жеңген емес.

Ол қазір АҚШ-тың ішінде де билікті толыққанды білдірмейді, тіпті оның ықпалы күн сайын азайып барады. Иә, оны биліктен алып тастау әрекеттері болды, оған қарсы қылмыстық істер қозғалды, қастандық да жасалды. Соның бәрін басынан өткеріп, Ақ үйге қайта оралды. Бірақ одан кейін басқа мәселелер басталды. Қазір ол өзі күн тәртібін белгілейтін емес, керісінше, оған күн тәртібін өзге күштер белгілеп отыр. Сондықтан да ол қазір келіссөз жүргізуге аса қабілетті саясаткер емес».
Келтірілген дәйексөздер — саясаттанушы Дмитрий Дробницкийдің АҚШ туралы ой-пікірінен үзінді.

Евразия24 пікірі:

Дмитрий Дробницкий – шын мәнінде Американы жақсы білетін сарапшы. Оның Америкадағы жағдайларды әңгімелеу қабілеті де кем емес. «Дональд Фредовичке (Трампқа) тиесілі АҚШ пен әлемдік ықпалдан шынайы билік біртіндеп кетіп жатқан тұста, ол өз әлеміне шомып барады», — деген ойы бізге қызықты болып көрінді.

АҚШ пен әлемдегі оқиғаларды бақылауда ұстау үшін нақты күрес жүргізудің орнына, Трамп өз әлемінде президенттік қызметке екінші рет оралғанын тойлап, сол лауазымдағы ұлылығын ғана сезінуде.

Бұл, Дробницкийдің пікірінше, күлкілі емес, қауіпті үрдіс. Өйткені тек АҚШ президенті ғана емес, бүкіл Америка да шынайы күшінен және әлемге деген нақты көзқарасынан ажырап бара жатқандай.

КСРО-ның ыдырау дәуірін еске алсақ, саяси бюроның қарттары туралы әзілдердің соңы немен аяқталғанын ұмытпаған шығармыз

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ Иран маңында ірі әскери-теңіз күштерін ұстап отыр

Иран маңында әскери міндеттерін орындап жүрген АҚШ Әскери-теңіз күштерінің құрамында қазір кемінде 20 жауынгерлік кеме бар. Бұл туралы АҚШ Әскери-теңіз институтының ақпарат қызметі хабарлады.

Канада АҚШ тауарларына жауап ретінде баж енгізуге дайындалып жатыр

Канада премьер-министрі Марк Карни сейсенбі, 25 тамызда АҚШ тауарларына жауап ретінде баж енгізілетінін жариялауы мүмкін. Бұл туралы дереккөзге сілтеме жасаған Associated Press хабарлады.

Ресей мен АҚШ ХҒС жобасы аяқталғаннан кейін де ғарыш саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруы мүмкін

Роскосмос» пен NASA Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) жұмысы аяқталғаннан кейінгі бірлескен жобаларды талқылады. Келіссөз барысында тараптар ғарыш техникасына қатысты бірқатар техникалық мәліметпен өзара бөліскен.

«Әділет» сайлауда 71,17% дауыс жинап, Құрылтайдағы 110 мандатқа ие болды

Құрылтайға өту үшін белгіленген 5 пайыздық межеден бес партия өтті. Сайлауда «Әділет» партиясы айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.