Евразия24Басты бетТеңге мен доллар тартысы: валюта нарығындағы криминалды факторлар

Теңге мен доллар тартысы: валюта нарығындағы криминалды факторлар

|

|

Теңге АҚШ долларына шаққандағы бағамының алтыншы жүздік шегінен асқаннан кейін, жаңа «жүздікте» қанша уақыт тұрақтайтыны біраз уақыт белгісіз болды. Шілде айында бұл белгісіздік нақты шешімін тапты. Маусымдық және макроэкономикалық факторлармен қатар, тағы бір себепкриминалды-психологиялық жағдай. Ірі көлемдегі паралар көбінесе доллармен берілетіндіктен, бұл да валютаға деген қысымды арттырады.

Теңге 2015 жылғы қатарлы девальвациялардан кейін беделді валюталар қатарынан шығып қалды. Әлемдік жетекші фиаттық валюталардың барлығында девальвация болғанымен, Қазақстанда қаржылық және саяси билік «қызыл сызықтан» асып кетті.

2025 жылдың шілдесі де келіп жетті. Сәуір-мамыр айларындағы экспорттыңазаюы мен импорттың көбеюі нарыққа өз әсерін тигізді. Оған қосымшадемалыс маусымына байланысты шетел валютасына сұраныс күшейді. Осы орайда, маусым айында теңгенің тұрақтылығын сақтау үшін Ұлттық банк бөлген 1,026 миллиард доллар қазіргі экономикалық жүйе аясындажеткіліксіз.

Бұдан бөлек, шілде айында министрліктерде, әкімдіктерде жәнеквазимемлекеттік сектор компанияларында әртүрлі инвестициялық жобаларбелсенді жүзеге асырылады, құрылыс келісімшарттары жасалады.

Қазақстанда 44 мың долларлық миллионер бар болса, онда белгілі бірдеңгейдегі жемқорлық ортасы да бар деген сөз. Өйткені өңдеу өнеркәсібінесалынатын салық жүктемесі тым ауыр, қызмет көрсету мен сауда саласытабыс пен шығын арасында әрең күн көріп отыр, ал ауыл шаруашылығынегізінен мемлекеттік субсидиялар арқылы ғана жұмыс істеп келеді.

2015 жылдан кейін теңгеге деген сенім жоғалғандықтан, жемқорлыққа барғантұлғалар әлі күнге дейін параны көбіне АҚШ долларымен, қолма-қол түріндеқабылдауды жөн көреді. Соңғы уақытта белгілі болған Ақмәди Сарбасов, Дәулет Арғандыков және Руслан Омаровқа қатысты оқиғаларосыныңайқын дәлелі.

Бұл істерге қатысты кейбір бақылаушылар бұрынғы вице-министрлердіңәрекетін мысқылмен қабылдап, «одан да биткоинмен алу керек еді» деп әзілгебұрды. Алайда, цифрлық технологиялар саласындағы баламалардың да өзіндік тәуекелі бар. Біріншіден, криптовалюта бағамы тұрақсыз және күртқұбылмалы. Екіншіден, мұндай цифрлық активтер электрондық із қалдырадыжәне тиісті жағдайда крипто әмияндар да банк шоттары сияқты бұғатталуы мүмкін.

Жалпы алғанда, теңгеге деген сенімнің әлсіреуі еліміздің экономикалықжүйесіндегі көлеңкелі капитал ағынының ұлттық валюта бағамына қосымшақысым жасауына себеп болып отыр. Айталық, қырғыз сомын, көбінеЫстықкөлдегі демалыс орындарын таңдаған отандастарымыз ғана уақытшатұтынатыны белгілі.

Егер Дональд Трамп АҚШ долларымен байланысты тосын экономикалық шешімдерін жалғастыра берсе, болашақта Қазақстандағы сыбайлас тұлғалар параны алтынмен талап етуі де ғажап емес. Қытай юаніне көшуықтималдығы төмен, себебі ҚХДР-дағы жемқорлыққа қарсы қатал жазалаутәжірибесі отандық құқықбұзушыларға бұл валютаны сенімсіз етіп көрсетеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трансформациясыз жаңғырту: Қазақстан ғылымының жүйелік мәселесі

Мақалада Қазақстанның ғылыми саласының қазіргі даму үрдістері қарастырылады. Статистикалық көрсеткіштер мен институционалдық ерекшеліктерді талдау негізінде сандық өсімнің «сыртқы» көрсеткіштері мен ғылыми нәтижелер сапасының «ішкі» трансформациясының шектеулілігі арасындағы жүйелік қайшылықтар айқындалады.

ҰҚШҰ-ның жаңа бағыты мен бағдары

Ұйымның өз маңызын жоғалтқаны және ықпалын арттыру үшін ауқымды әскери операциялардың жетіспейтіні туралы қауесеттер жиілеген тұста, ҰҚШҰ Бас хатшысымен кездесудің маңызы зор.

Тарих пен ұрпақ сабақтастығы: Павлодарда патриоттық өнер байқауы ұйымдастырылды

«Еуразия24» агенттігі «Майдан жолы» іздеушілерінің қоғамдық негізде өткізіп жатқан мәдени-тарихи іс-шараларын жүйелі түрде жариялап келеді. Олардың қызметі — отансүйгіштік қасиеттің құрғақ ұрандармен емес, жеке тәжірибе мен терең толғаныс арқылы қалыптасатынының жарқын үлгісі.

Депутаттар бизнесті қылмыстық қудалаудан қорғауда

Бюджет пайдасына өндірілетін еселенген айыппұлдар — бұл жай ғана шығынды өтеу емес, іс жүзінде бизнес қателіктерінің жалғыз бенефициары ретінде мемлекеттің мүлікті тәркілеуді заңдастырып алуы.