Евразия24Еуразия патриоттарыҚостанайда сирек металл қоры бар ірі жобаға америкалық серіктес кірісті

Қостанайда сирек металл қоры бар ірі жобаға америкалық серіктес кірісті

|

|

Тәуелсіз басылымның хабарлауынша: «Қазақстан мен АҚШ сирек кездесетін жер металдарын барлау және өндіру саласында күш біріктіруде. Қостанай облысында неодим, диспрозий және тербийге бай «Ақбұлақ» учаскесінде геологиялық барлау басталды. Бағалы шикізаттың болжамды қоры – 349 мың тонна. Жоба 75 пайыздық үлесі бар америкалық серіктестік арқылы жүзеге асырылуда. Бұл бастама Қазақстанның «кен – магнит – технология» тұйықталған тізбегін құру стратегиясының маңызды бөлігі болмақ. Сирек кездесетін жер элементтерінің жаңа кен орындарын барлау – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы. Ол 2026 жылға дейін геологиялық зерттеу аумағын 1,5 млн шаршы шақырымнан 2,2 млн шаршы шақырымға дейін ұлғайтуды мақсат етіп қойды («НГ», 03.12.24).Қазақстан Үкіметі бұл стратегиялық маңызы бар металдардан түсетін табысқа үлкен үміт артып отыр. Сарапшылардың бағалауынша, өндіруден бастап дайын өнімге дейінгі толық өндірістік цикл жолға қойылған жағдайда, сирек жер металдары секторының ЖІӨ-дегі үлесі 7,1%-ға дейін жетуі мүмкін. Бұл қазіргі мұнай мен газдан түсетін кіріске (7,3% ЖІӨ) тең.

Евразия24 пікірі:

Қазақстанның табиғи байлықтары тағы да Батыс елдеріне игеруге берілуде. Бұл жаңалыққа қуану не алаңдау орынды ма — айту қиын. Бір жағынан, құны жоғары жобаларды іске асыруға қаржы мен инвесторлардың жетіспеуі жағдайында 25%-ға 75% қатынастағы келісімнің өзі тиімділік әкелуі мүмкін. Екінші жағынан, елдегі сирек жер металдарын өңдейтін өндіріс орындарының жоқтығы бұл жобаны шикізаттық бағытымыздың жалғасы ретінде көрсетеді. 2025 жылдың көктемінде Кананада өткен геологиялық көрмеде ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Дүниежүзілік банктің деректеріне сілтеме жасай отырып, Қазақстанда жалпы құны 46 трлн АҚШ долларынан асатын 5 мыңнан астам зерттелмеген сирек кездесетін металдарының кен орындары бар екенін мәлімдеді. «Қазақстан қазірдің өзінде 34 аса маңызды шикізаттың басым бөлігін өндіреді. 2029 жылға қарай пайдалы қазбалар өндірісі 40%-ға артады. Стратегиялық металдарға жаһандық сұраныс артып отырған шақта Қазақстан халықаралық компаниялар үшін сенімді серіктес болып қала береді», – деді.Яғни Қазақстан мен АҚШ арасындағы сирек жер металдарына қатысты келісім – уақыт еншісіндегі мәселе.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.