Евразия24ЭкономикаҚазақстан байып барады, бірақ халқы ше?

Қазақстан байып барады, бірақ халқы ше?

|

|

Экономикалық зерттеулер ұлттық бюросының басқарушы серіктесі Қуаныш Бейсенгазин economykz.org сайтына арналған сараптамалық шолуында былай дейді: «Экономикалық өсімнің халықтың нақты табысына “сіңуі” шекті сипатқа ие екені анықталды. Яғни, халықтың ең кедей 10 пайызының табысы тек жылдық жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсімі 3,35%-тен асқан жағдайда ғана тұрақты түрде өсетінін көрсетеді. Ал бұдан төмен көрсеткіштер кезінде макроэкономикалық өсім олардың табысына статистикалық тұрғыда елеулі ықпал етпейді. Сонымен қатар халықтың ең бай 10 пайызының табысы ЖІӨ жылдық өсімі 3,30%-тен асқан сәттен бастап оң серпінмен өзгере бастайды. Мұндай байланыс тіпті экономикалық өсімнің орташа деңгейінде де байқалады. Яғни экономиканың баяу өсуі жағдайында да бай топтың табысы артады. Жалпы табыс деңгейіне қатысты шекті көрсеткіштің 3,3 пайызбен шектелуі – табыс өсімінің басым бөлігінің халықтың кең ауқымына кешігіп таралатынын әрі экономикалық белсенділіктің тиімділігі ең алдымен жоғары табыс топтарына бағытталатынын айқындайды».

Евразия24 пікірі:

Жуырда «Үздік ақпараттық бестік» айдарында біз economykz.org сайтында жарық көрген экономист Айдархан Құсайыновтың пікірін жарияладық. Ол Қазақстандағы жалпы ішкі өнімнің рекордтық өсімі кезінде халық табысының керісінше төмендеп кеткенін нақты график арқылы көрсеткен. Бұл дерек әлі күнге дейін ресми түрде жоққа шығарылмады.

Осыған ұқсас тағы бір зерттеу жуырда экономист Қуаныш Бейсенгазин тарапынан ұсынылды. Онда экономикалық өсімнің халықтың кең тобына бірдей әсер етпейтіні, яғни инклюзивті еместігі анық көрсетілген. Ел экономикасындағы оң серпіннің барша азаматтың тұрмыс сапасына бірдей әсер етпейтіні – мемлекеттік органдар деңгейіндегі жиындарда ашық айтылмайтын өзекті мәселе.

Қазіргі таңда үкіметтің күн тәртібінде премьер-министрдің әкімдерге жұмыс орындарын құру жөнінде берген тапсырмасы. Алайда бұл – 2024–2029 жылдарға арналған Еңбек нарығын дамытудың тұжырымдамасында қарастырылған міндеттердің бірі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.