Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда «Маңғыстау» туристік аймағын 2025–2029 жылдарға дамыту жоспары бекітілді

Қазақстанда «Маңғыстау» туристік аймағын 2025–2029 жылдарға дамыту жоспары бекітілді

|

|

Астана. 5 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Үкіметі 2025–2029 жылдарға арналған «Маңғыстау» туристік аймағын кешенді дамыту жоспарын бекітті, деп хабарлады Премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Құжат аясында саладағы бірқатар мәселені жүйелі түрде шешу көзделген. Атап айтқанда, инфрақұрылымды дамыту, логистика, цифрландыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кадр даярлау, инвестициялық жобаларды ілгерілету секілді тоғыз бағыт қамтылған. Жоспарды іске асыру кезеңінде 100-ден астам іс-шара ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Өңірлік туризмді дамытудың негізгі бағыттарының бірі ретінде 12 болашағы бар туристік нысанның қатарынан Кендірлі туристік аймағы айқындалды. Мұнда инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылмақ. Атап айтқанда, инженерлік коммуникациялар жүргізу, туристік нысандарды электр қуатымен, сумен және көлік қатынасымен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Жолдар мен өзге де нысандарды жаңғыртумен қатар, Кендірлі ауылында әуежай салу жоспарда бар. Бұл ретте инвесторлар мен экологиялық белсенділердің ұсыныстары ескерілген.

Ақтау қаласында халықаралық деңгейдегі теңіз вокзалы мен стадион салу жоспарланған. Өңірлік туризмді насихаттау мақсатында мәдени-спорттық іс-шаралар өткізу көзделуде. Кешенді жоспар туристерге қолайлы жағдай жасауға және туристік аймақты дамытуға бағытталған қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жоспар шағын және орта бизнесті дамытуға серпін береді. Туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында «Каспий» ӘКК» АҚ желісі бойынша жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске қосылады.

Жоспарды жүзеге асыру нәтижесінде 2029 жылға қарай ішкі туристер саны 430 мыңнан 520 мың адамға дейін, шетелден келетін туристер саны 89 мыңнан 143 мың адамға дейін ұлғаяды деп күтілуде. Туризм саласында жұмыспен қамтылғандар саны 1,7 мыңнан 2,7 мың адамға дейін артып, жекеменшік инвестиция көлемі 198,9 млрд теңгеге жетеді. Өңір экономикасындағы туризмнің үлесі 2,2%-дан 3,6%-ға дейін өседі деп болжануда.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.