Евразия24ЖаңалықтарТеңізге шыға алмайтын елдердің экономикалық мәселелерін қақтығыстар мен санкциялар күрделендіруде

Теңізге шыға алмайтын елдердің экономикалық мәселелерін қақтығыстар мен санкциялар күрделендіруде

|

|

 

АСТАНА. 5 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев теңізге шыға алмайтын дамушы елдерге (ТШДЕ) көрсетілетін қолдауды күшейтуге шақырды.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргі таңда теңізге тікелей шығу мүмкіндігі жоқ 32 дамушы елде жарты миллиардтан астам адам өмір сүреді. Аталған елдер қаржыландыру, технологиялар және жаһандық нарықтарға қол жеткізу мәселелерінде әлі де елеулі қиындықтарға тап болуда.

«Теңізге шыға алмайтын елдер үшін өңіраралық көлік байланысының шектеулі болуы әлі де негізгі мәселе болып отыр. Бұл өз кезегінде транзит пен сауда шығындарының жоғары болуына, сондай-ақ геосаяси факторларға тәуелділіктің артуына алып келеді. Мұндай шектеулер халықтың әл-ауқатына кері әсерін тигізіп, елдердің бәсекеге қабілеттілігін төмендетуде. Сонымен қатар, бұл қиындықтар қақтығыстармен, экономикалық санкциялармен, жеткізу тізбегіндегі үзілістермен және жаһандық сенім дағдарысымен одан әрі ушыға түсуде», – деді Президент БҰҰ-ның теңізге шыға алмайтын дамушы елдерге арналған үшінші конференциясында (Аваза, Түрікменстан).

Сонымен бірге Қ.Тоқаевтың пікірінше, ТШДЕ елдері жаһандық күн тәртібін қалыптастыруда тең құқылы әрі әлеуетті серіктестер ретінде қарастырылуы тиіс.

Президент Қазақстанның Аваза іс-қимыл бағдарламасын орнықты, инклюзивті және тұрақты болашаққа апаратын жол картасы ретінде толық қолдайтынын атап өтті.

«Бұл маңызды бастама транзиттік елдер, халықаралық даму ұйымдары мен қаржы институттарының саяси қолдауына ие болуы керек. Транспорт, энергетика және цифрлық инфрақұрылым сынды басым секторларға инвестиция тарту үшін инновациялық қаржылық тетіктер қажет», – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.