Евразия24ЖаңалықтарАқкөл, Көкшетау және Павлодар қалаларында 5 мыңнан астам мұқтаж тұрғын азық-түлікке арналған...

Ақкөл, Көкшетау және Павлодар қалаларында 5 мыңнан астам мұқтаж тұрғын азық-түлікке арналған ваучер алады

|

|

АСТАНА. 5 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанда пилоттық жоба аясында Павлодар, Көкшетау және Ақкөл қалаларында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын 5 мыңнан астам азаматқа сауда үстемесіз азық-түлік тауарларын сатып алуға мүмкіндік беретін ваучерлер ұсынылады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлім етті.

«Пилоттық жоба аясында АӘК алушыларға азық-түлік ваучерлері беріледі. Олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (ӘМАТ) көтерме бағамен, сауда үстемесінсіз сатып алуға мүмкіндік береді. Жоба Ақкөл, Көкшетау және Павлодар қалаларында іске асырылады. Қатысушылар саны шамамен 5 мың адам», – делінген министрдің Үкімет отырысында таныстырған баяндамасында.

Министрдің айтуынша, бұл бастама Парламент депутаттарының өңірлерге сапары барысында қолдау тауып, сондай-ақ қоғамдық талқылаудан да сәтті өткен.

Сонымен қатар, елімізде «үй жанындағы дүкендердегі» бағаға бақылау күшейтіледі.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген 15% сауда үстемесіне бақылау шараларын күшейтуге көшеміз. Сонымен қатар, ӘМАТ бағасына талдау жүргізуге мүмкіндік беретін модуль жүзеге асырылуда, бұл тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға жол ашады», – деді Шаққалиев, – деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Бектенов Eni және Baker Hughes басшыларымен мұнай-газ саласындағы жобаларды талқылады

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-пленарлық отырысына қатысқан жетекші халықаралық энергетикалық компаниялардың басшыларымен бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Air Astana әуекомпаниясының алдына жаңа міндеттер қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Ибрагим Жанлыелмен кездесу барысында рейстердің жиі кешігуі мен әуе кемелерінің ауыстырылуына қатысты халықтың орынды сынына назар аударды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл елде 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек

Қазақстанда 2026 жылы 20 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі аяқталуына байланысты этносаралық қатынастарды дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленеді

Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихи миссиясының аяқталуына байланысты елде этносаралық қатынастар мен қоғамдық келісімді дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.