Евразия24UncategorizedApple АҚШ экономикасына қосымша 100 млрд доллар инвестиция салмақ – Трамп

Apple АҚШ экономикасына қосымша 100 млрд доллар инвестиция салмақ – Трамп

|

|

Импортталатын жартылай өткізгіштер мен чиптерге 100% кедендік баж салынады

Вашингтон. 7 тамыз. ИНТЕРФАКС – Apple компаниясы АҚШ-та өндірісті кеңейту үшін қосымша 100 миллиард доллар көлемінде инвестиция құятынын мәлімдеді. Осылайша, компанияның жалпы инвестиция көлемі 600 миллиард долларға жетпек.

«Бұл – Apple тарихындағы Америкада да, әлемнің басқа елдерінде де жасалған ең ірі инвестиция,» – деді АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде сөйлеген сөзінде.

Ол бұл қадамды «Америкада сатылатын iPhone смартфондары дәл осы елде өндірілуі тиіс» деген түпкі мақсатқа жасалған маңызды қадам ретінде бағалады.

Трамптың айтуынша, аталған инвестициялар АҚШ-та 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл Apple-дің Samsung пен Corning сынды жеткізушілері үшін де мыңдаған жұмыс орындарын құруға себеп болады.

Бұған дейін Apple алдағы төрт жылда АҚШ-та 500 миллиард доллар инвестиция салуға уәде берген болатын. Бұл қаражат Хьюстон қаласындағы сервер зауытының құрылысына, Мичиганда орналасатын жеткізушілер академиясына және ел ішіндегі серіктес компаниялармен ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталады.

Сонымен қатар, АҚШ президенті шетелден тасымалданатын чиптер мен жартылай өткізгіштерге 100 пайыздық кедендік баж салығын енгізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.

«Біз чиптер мен жартылай өткізгіштерге өте жоғары тариф енгізгелі отырмыз. Бірақ Apple сынды компаниялар үшін жақсы жаңалық – егер олар өз өндірісін АҚШ-та орналастырса немесе мұндай міндеттеме алса, онда бұл баждардан босатылады», – деді Трамп.

Алайда ол бұл баж салығы нақты қашан енгізілетінін нақтылмады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.