Евразия24ЖаңалықтарРубио: АҚШ пен Ресей басшыларының кездесуі келесі аптада өтуі екіталай

Рубио: АҚШ пен Ресей басшыларының кездесуі келесі аптада өтуі екіталай

|

|

 

Кездесу Украина мәселесін реттеудегі ілгерілеуге байланысты өтеді

Вашингтон. 7 тамыз. ИНТЕРФАКС – АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Америка Құрама Штаттары мен Ресей Федерациясы президенттерінің келесі аптада кездесу өткізу мүмкіндігіне күмән келтірді. Оның айтуынша, мұндай саммиттің өтуі Украинадағы дағдарысты шешу бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізілуіне байланысты болмақ.

«Кездесу келесі аптада өтеді деп нақты айта алмаймын. Бұл әлі шешілген жоқ. Меніңше, бәрі де алдағы күндері қандай нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға байланысты», – деді Рубио Fox News арнасына берген сұхбатында.

Ол Киев пен Мәскеу ұстанымдарының бір-біріне қаншалықты жақындай түсуі маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Егер тараптардың көзқарастары тым алшақ болса, онда мұндай кездесудің мәні болмайды», – деп түйіндеді Рубио.

Сондай-ақ ол келіссөздерге дайындық бірнеше сағатқа да, бірнеше күнге не аптаға да созылуы мүмкін екенін ескертті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.