Евразия24Таңдаулы жаңалықтарИнфляциялық күтулер күшейді, халықтың сенімі әлсіз

Инфляциялық күтулер күшейді, халықтың сенімі әлсіз

|

|

Қазақстан Ұлттық банкі хабарлайды: Ақша-кредит саясаты комитеті негізгі мөлшерлемені 16,5% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл шешім болжамдық кезең нәтижелеріне негізделіп отыр. Аталған кезеңде инфляция мен экономикалық өсімге қатысты болжамдар толығымен жаңартылып, макроэкономикалық үрдістерге, өзекті деректерге және тәуекелдер балансына кешенді талдау жүргізілді. Экономикадағы инфляциялық қысым сақталып отыр. Қысқа мерзімді инфляциялық күтулер айтарлықтай құбылмалы күйінде қалуда. Тұрақты инфляция көрсеткіштері біршама төмендегенімен, әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. Экономика жоғары қарқынмен өсіп келеді. Алайда, сұраныс көлемі ұсыныс мүмкіндіктерінен әлі де асып түсуде, бұл өз кезегінде баға деңгейіне қысым жасауда. Тұтынушылық белсенділіктің артуына әсер етіп отырған қосымша факторлардың бірі — тұтынушылық несиелеудің жоғары қарқын алуы. Сыртқы экономикалық жағдай әлі де тұрақсыз күйінде қалып отыр. Бұл — өсу үстіндегі сауда шектеулері мен геосаяси шиеленістердің салдары. Сонымен қатар, әлемдік азық-түлік бағасының өсуі де жалғасуда. Осы аталған факторлардың жиынтығы бағаның өсуіне әкелді. Біздің басты міндетіміз — инфляциялық болжамдарды тұрақтандыру және инфляция деңгейін төмендету болып қала береді. Осы мақсатта Ұлттық Банк ақша-кредит жағдайларының біршама қатаң деңгейін ұзақ уақыт бойы сақтап отыруды жалғастырады. Айта кету керек, пайыздық саясатпен қатар, бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған қосымша шаралар да маңызды рөл атқаратын болады.

Евразия24 пікірі:

Тимур Сүлейменов басқарған Ұлттық банк қоғаммен ашық сөйлесуге тырысып отыр. Қабылданған шешімдер жайлы түсініктеме беріліп, диалог орнағаны байқалады. Қазір халықты толғандырып отырған басты мәселенің бірі — азық-түлік бағасының шарықтауы. Мемлекеттің отандық бизнесті қолдауға бағытталған түрлі шараларына қарамастан, тіпті жергілікті өндірістегі өнімдердің өзі неге сонша тез әрі шектен тыс қымбаттап жатыр? Бұл қымбатшылықтың ауылы қаншалықты алыс? Ұлттық банк жағдайды ашық мойындап отыр: азық-түлік инфляциясы өсіп, 11,2% деңгейінде қалыптасты. Бағаның шарықтауына басты себеп — ауыл шаруашылығы өнімдерінің қымбаттауы, бұл өз кезегінде басқа салалардағы өндірістік шығындарға да әсер еткен. Сонымен қатар, импорт құнының өсуі де көтерме саудадағы бағаны арттырып отыр. Халықтың алдағы бір жылға деген инфляциялық күтулері де күшейіп, маусымдағы 12,6%-дан 14,2%-ға дейін өскен. Бағаны тұрақтандыруға бағытталған мемлекеттік шаралардың тиімділігіне сенім аз. Тіпті бағаның өзі бұған сенбейтін сияқты. Ұлттық банктің айтуынша, нақты табыстың қысқаруы мен жалақының өспеуі жағдайында тұтынушылық белсенділікті арттырып тұрған басты фактор — тұтынушылық несиеге қолжетімділік. Сонымен қатар, бөліп төлеудің кең таралуы, түрлі маркетингтік акциялар мен халықтың жоғары инфляциялық болжамдары  да сұранысты көтеріп тұр. Қысқасы, жағдай аса үміт ұялататын күйде емес.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.