Евразия24ЖаңалықтарЭфиопияда Египет пен Суданның қарсылығына қарамастан ірі ГЭС ресми түрде іске қосылды

Эфиопияда Египет пен Суданның қарсылығына қарамастан ірі ГЭС ресми түрде іске қосылды

|

|

Дубай. 9 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Эфиопияда «Ұлы эфиопиялық қайта өрлеу» атты ГЭС ресми түрде ашылды. Бұл — Африкадағы ең ірі гидроэлектр станциясы. Ол Көк Ніл өзенінде орналасқан.

БАҚ мәліметінше, ашылу салтанаты сейсенбі күні Губе қаласында өтіп, оған Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмедпен бірге Сомали, Джибути және Кения президенттері қатысты.

ГЭС құрылысы Египет пен Суданмен көпжылдық келіспеушілікке себеп болған. Үш бөгеттен тұратын гидротехникалық кешеннің құрылысы 2011 жылы басталған. Сарапшылардың бағалауынша, жобаға шамамен 5 миллиард доллар жұмсалған.

Египет пен Судан бұл жобаның өз елдеріндегі су қауіпсіздігіне қатер төндіретінін айтып, алаңдаушылық білдіріп келеді. Себебі Египеттің ауызсуының 90%-ы Ніл өзенінен алынады. Ал өзеннің ағысына кез келген өзгеріс ел үшін стратегиялық қауіп саналады.

Эфиопия, Египет және Судан арасында бұл мәселе бойынша бірнеше тарапты келіссөздер жүргізілді: алдымен техникалық деңгейде, кейін мемлекет басшылары мен халықаралық делдалдардың (Африка одағы, АҚШ, Дүниежүзілік банк) қатысуымен. Алайда ортақ келісімге келу мүмкін болмады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.