Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда 450-ден астам мемлекеттік қатысуы бар кәсіпорынды бәсекелестік ортаға беру жоспарланып отыр

Қазақстанда 450-ден астам мемлекеттік қатысуы бар кәсіпорынды бәсекелестік ортаға беру жоспарланып отыр

|

|

Астана. 11 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Экономиканы либерализациялау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровтың есебін тыңдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Омаровтың айтуынша, экономиканың мемлекеттік сектордағы үлесін азайту мақсатында Жекешелендіру жөніндегі ұлттық офиспен бірлесе отырып, мемлекеттік қатысуы бар 450-ден астам кәсіпорынды бәсекелестік ортаға беру ұсынылған тізім дайындалған.

Сондай-ақ агенттік төрағасы негізгі тауар нарықтарында бәсекелестікті дамыту бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде мәлімет берді. Атап айтқанда, биржалық сауданың заңнама талаптарына және заманауи нарықтық жағдайларға сәйкестендірілгені айтылды.

«Қазіргі таңда елімізде нақты жұмыс істеп тұрған үш тауар биржасы ғана бар. Ал агенттікке осы салада мемлекеттік бақылау функциялары берілген кезеңде олардың саны 22 болған», – делінген баспасөз хабарламасында.

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бәсекелестікті негізгі экономикалық салаларда дамыту, агенттік жүргізіп жатқан тергеп-тексерулерді жалғастыру және шағын және орта бизнестің мүддесін қорғау мәселелері бойынша бірқатар тапсырма берді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

«Жеңіс баласы»: соғыс, махаббат және өшпес тарих

3-қыркүйек күні кинотеатрларда Қазақстан, Ресей және Беларусь кинематографистері бірлесіп түсірген «Почтальон победы», ал Қазақстандық прокатта «Жеңіс баласы» атауымен ұсынылатын тарихи   фильм шығады. Фильм көрерменді Екінші дүниежүзілік соғыстың атмосферасына апарады. Бұл шығарылымда Азамат Доспанов есімді хатшы жігіттің басты рөлін сомдаған, жастар арасында кеңінен танымал актермен фильм түсірілімі барысында болған қызықты әрі қиын сәттері, түйер ойлары туралы сөз қозғадық.

Қазақстанда 300 мыңға жуық кәсіпорын жабылуы мүмкін

«Өткен жылы жаңа Салық кодексі талқыланған кезде 300 мыңға дейін кәсіпорын мен жеке кәсіпкер жұмысын тоқтатуы мүмкін деп болжаған едім.

Агрессияның артуына не себеп?

Алматыда 20 тамыз күні №33 бағыттағы автобуста болған жанжал жолаушылар үшін қауіпті жағдайға ұласа жаздады. Екі ер адам арасындағы сөзге келіспеушілік төбелеске ұласқан.

Таң атқанда олар оянды…

Сонымен, Құрылтай сайлауы аяқталды. Ендігі кезекте Үкімет жасақталып, вице-президент пен Халық Кеңесі құрылады. Осымен мемлекеттік билік жүйесін Конституцияға сәйкес қайта құру үдерісі негізінен аяқталмақ. Алда тағы бір кезектен тыс сайлау өтуі де ғажап емес. Бірақ оның болу-болмауы әлемдегі геосаяси ахуалдың қалай өрбитініне және жаңа Үкіметтің жұмысы қаншалықты нәтижелі болатынына байланысты. Сондықтан енді сыртқы факторларды емес, Қазақстан экономикасының өз ішінде қордаланған мәселелерге назар аударайық.Әңгімені сайлауда дауыс берген азаматтардың тұрмысынан бастайық. Бірінші тоқсандағы дерек бойынша, Қазақстандағы отбасы бюджетінің орташа есеппен 48,6%-ы азық-түлікке жұмсалған . Бұл көрсеткіште аз да болса оң өзгеріс бар – азық-түлік шығыны жалпы бюджеттің жартысынан төмендеген. Ақылы қызметтердің үлесі 21,7%-ға жетіп, айтарлықтай өскен. Оның едәуір бөлігі тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге тиесілі. Несие төлемдеріне отбасылық табыстың 7,6%-ы жұмсалады, бұл көрсеткіш те артқан. Нәтижесінде киім-кешек пен аяқкиімге, дәрі-дәрмекке, білім алуға, жол жүруге және өзге де қажеттіліктерге бюджеттің небәрі 19,9%-ы қалады. Демек, өзге қажеттіліктерге отбасы бюджеті жетпейді.