Евразия24ЖаңалықтарАстана мен Брюссель экономикалық ынтымақтастықты кеңейту әлеуетін атап өтті

Астана мен Брюссель экономикалық ынтымақтастықты кеңейту әлеуетін атап өтті

|

|

Астана. 24 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевер арасында екіжақты кездесу өтті. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропалық Одақтағы маңызды серіктестерінің бірі саналатын Бельгиямен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті», – делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельдің Қазақстан экономикасына инвестиция салушы ірі он елдің қатарына кіретінін айтты. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы жарты миллиард долларға жуықтады.

«Кездесу барысында тараптар экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге мол мүмкіндік бар екенін атап өтті. Әсіресе, стратегиялық маңызы бар минералдар, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік және логистика, жасанды интеллект, қаржы, туризм және білім беру салаларында өзара ықпалдастықты дамыту әлеуеті жоғары екені айтылды», – деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Өз кезегінде Барт де Вевер екіжақты мәселелерді талқылауға мүмкіндік бергені үшін ризашылығын білдіріп, Бельгия королі Филипптің Қазақстан Президентіне жолдаған жылы лебізі мен сәлемін жеткізді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Есірткі ісі бойынша ұсталған Navai Қазақстаннан шығарылды

Бір апта бұрын біз Жамбыл облысында ресейлік рэпер Наваи Бакировтың есірткі заттарын заңсыз тасымалдауға және сақтауға қатысы бар деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған едік. Алайда істің соңы біз күтпеген бағытта өрбіді.

Тоқаев құны 1,8 млрд доллар болатын Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысына бастау берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір арқылы Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда жыл басынан бері 1,3 трлн теңгенің активтері қайтарылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Берік Асыловтың елдегі заңдылықтың сақталуы жөніндегі есебін тыңдады. Бұл туралы сейсенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Түркияда Letim төлем сервисі 30 қарашадан бастап жұмысын тоқтатады

Түркияда ресейлік туристер арасында кеңінен қолданылатын Letim төлем сервисі 30 қарашадан бастап жұмысын тоқтатады. Бұл туралы сейсенбі күні Ресей туроператорлары қауымдастығы (АТОР) сервис операторына сілтеме жасап хабарлады.