Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Қытайдың жаһандық бастамаларын толық қолдайды

Қазақстан Қытайдың жаһандық бастамаларын толық қолдайды

|

|

Астана. 24 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Қытай Халық Республикасы төрағасы Си Цзиньпиннің бастамаларына жоғары баға беріп, геосаяси және экономикалық сын-қатерлерге жауап ретінде ұсынылған жаһандық бастамаларды толық қолдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР-дың жаһандық даму және жаһандық басқару бастамаларына арналған жоғары деңгейдегі жиында сөйлеген сөзінде айтты.

«Біз Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің алысты көздеген көшбасшылығын және халықаралық ынтымақтастықтың неғұрлым әділетті, инклюзивті әрі тиімді архитектурасын қалыптастыруға бағытталған белсенді қадамдарын жоғары бағалаймыз. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан Қытайдың жаһандық бастамаларын толығымен қолдайды», – деді Мемлекет басшысы.

Жиын БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында өткен іс-шаралар шеңберінде өтті. Оның тақырыбы – «Алғашқы қағидаттарға адалдық: жаһандық дамудың жарқын болашағын бірлесе құру».

Президент Тоқаев Қазақстанның Жаһандық даму бастамасын (Global Development Initiative) қолдайтынын айтты. Бұл бастама Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді жеделдетуге бағытталған.

Сонымен қатар, бұл бастама Қытай ұсынған жаңа стратегиялық тұжырымдама – Жаһандық басқару бастамасымен (Global Governance Initiative) үйлеседі. Бұл бастама Шанхай ынтымақтастық ұйымының Тяньцзиньдегі саммитінде жарияланған болатын және әлемдегі тұрақсыздық жағдайында оң өзгерістерге жол ашуға, дамушы елдердің мүдделері мен ұмтылыстарын кеңірек ескеруге ықпал етеді. Бұл ретте БҰҰ орталық рөл атқаратыны атап өтілді.

Мемлекет басшысы бұл бастама мемлекеттердің егемендік теңдігі, халықаралық құқықтың үстемдігі, көпжақты институттарды нығайту және халық мүддесіне бағытталған тәсілдерді ілгерілету сияқты өзекті мәселелерге жауап ұсынатынын айтты.

«Сонымен қатар, бұл бастама цифрлық технологияларға әділ қолжетімділік, киберқауіпсіздік және ғарыш кеңістігін қауіпсіз пайдалану қажеттігін айқындайды. Бұл, әсіресе, **жасанды интеллектті қолдануға қатысты құқықтық және этикалық стандарттарды әзірлеу тұрғысынан ерекше өзекті. Осыған байланысты Қазақстан Қытайдың Жасанды интеллект саласындағы жаһандық ынтымақтастық ұйымын құру туралы ұсынысын қолдайды», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Бір белдеу, бір жол» стратегиясының мақсаттары мен міндеттерімен үйлесетін бұл бастамаға бүгінде 150-ден астам елдің қосылғанын атап өтті.

Сөз соңында Президент Қазақстан аталған жаһандық бастамаларды іске асыру аясында ынтымақтастықты кеңейту БҰҰ-ның іргелі мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

NIS 2025 жылға дивиденд төлемейді

Сербияның NIS энергетикалық компаниясының («Газпром нефть» тобына кіреді) акционерлері жылдық жалпы жиналыста өткен жылдардағы бөлінбеген пайданы 2025 жылғы шығынды жабуға бағыттау туралы шешімді мақұлдады. Соған байланысты компания 2025 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төлемейді.

Қазақстан мен Грузия стратегиялық әріптестік туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады

Қазақстан Грузияны стратегиялық маңызы бар дәстүрлі серіктес ретінде қарастырады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның премьер-министрі Ираклий Кобахидземен өткен келіссөздер барысында мәлімдеді.

Грузия премьер-министрі Қазақстанның І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның премьер-министрі Ираклий Кобахидзені І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Грузия стратегиялық әріптестік орнатты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Грузияның премьер-министрі Ираклий Кобахидзе Қазақстан Республикасы мен Грузия арасында стратегиялық әріптестік орнату туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.