Евразия24ЖаңалықтарАҚШ-тың Groq стартапы 2026 жылы 10-нан астам деректер өңдеу орталығын ашуды жоспарлап...

АҚШ-тың Groq стартапы 2026 жылы 10-нан астам деректер өңдеу орталығын ашуды жоспарлап отыр

|

|

МОСКВА. 3 қазан. ИНТЕРФАКС – Жасанды интеллект (ЖИ) әзірлеуге арналған чиптер мен бағдарламалық жасақтама шығаратын америкалық Groq стартапы келесі жылы 10-нан астам деректер өңдеу орталығын (ЦОД) іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның негізін қалаушы әрі бас атқарушы директоры Джонатан Росс The Wall Street Journal басылымына берген сұхбатында айтты.

Қазіргі нарықтық бағасы 6,9 млрд доллар деп бағаланатын компания осы жылдың басынан бері 12 деректер орталығын іске қосты және келесі жылы бұл көрсеткішті арттыруды көздеп отыр.

«Біз өз деректер орталықтарының санын жылдам қарқынмен көбейтуді күтеміз», – деді Росс.

Groq қазіргі уақытта АҚШ, Канада, Таяу Шығыс және Еуропада деректер орталықтарын басқарады және биыл Азиядағы алғашқы ЦОД-ын іске қоспақ. Росс атап өткендей, Азия компания үшін маңызды нарық саналады, себебі Groq технологияларын қолданатын әзірлеушілердің шамамен жартысы осы өңірде орналасқан.

Компания чиптерінің кіріктірілген жадқа ие ерекше архитектурасы оларды графикалық процессорлармен (GPU) салыстырғанда жылдамырақ өндіруге және орнатуға, сонымен бірге энергияны аз тұтынуға мүмкіндік беретінін мәлімдейді.

Groq чиптері тек ЖИ-модельдерін қолдануға арналған, бірақ олардың үйретілуі үшін пайдаланылмайды.

Бұған дейін компания Сауд Арабиясына жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту үшін 1,5 млрд доллар көлемінде чип жеткізу туралы келісім жасаған. Росс айтуынша, компания өнімдеріне сұраныс қазіргі таңда ұсыныстан асып түседі.

«Әр жолы біз жоспардан көп өндірмек болсақ та, тұтынушылар бізді одан да үлкен сұраныспен таңғалдырады», – деді ол.

Компанияны сатып алу жөнінде ұсыныстар түскен-түспегені жайлы сұраққа Росс: қазір Groq-ты сатуды немесе өз акцияларын өткізу жоспары жоқ екенін айтты.

«Менің ойымша, дәл қазір компанияны сату – ақымақтық болар еді», – деді ол.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.