Евразия24Күнбе күнБір салаға байланған көшбасшылық

Бір салаға байланған көшбасшылық

|

|

Бірінші кредиттік бюро порталының хабарлауынша: «2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан ЕАЭО елдері арасында кейбір экономикалық салаларда ең жоғары жалақы көрсеткішін жоғалтты. Қазіргі таңда еліміз басқа мемлекеттерден тек тау-кен өндіру және карьерлерді игеру саласында ғана алда тұр. Еуразиялық экономикалық комиссияның деректері негізінде жүргізілген бағалау нәтижесінде, бұл саладағы орташа жалақы 1831 АҚШ долларын құрап, Ресейден (1813 доллар) 18 долларға жоғары болды. Өткен жылы осы кезеңде Қазақстан 19 саланың алтауында орташа жалақы бойынша көш бастап тұрған болатын. Олар – тау-кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік және қоймалау, тұру және тамақтану қызметтері, сондай-ақ әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету салалары».

Евразия24 пікірі:

Біз бұған дейін де бірнеше рет Қазақстандағы экономикалық өсім, өкінішке қарай, халық табысының артуына әсер етпегенін жазған едік. Бұл туралы біз белгілі экономист Айдархан Құсайыновтың пікірін де келтірдік. Енді міне, ЕАЭО-ның ресми статистикасы да Қазақстандағы жалақы деңгейінің экономика салалары бойынша төмендегенін көрсетіп отыр. Сарапшылардың түсіндіруінше, жалақы көлемі доллармен есептелетіндіктен, теңгенің құнсыздануы жалпы көрсеткіштерге әсер еткен. Алайда, бұған тек доллар бағамы ғана себеп емес. «Бұл жолы, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында, біз жалақы өсімі бойынша бұрын көшбасшы болған салаларда да артта қалдық. Барлық осы жағдайларда жылдық номиналдық өсім бойынша біз не соңғы, не соңғыдан бір позиция алдыда тұрдық, ал нақты өсім жағынан – үнемі соңғы орында болдық. Құрылыс саласында тіпті инфляцияны есептемегенде де орташа жалақы төмендеген», – деп көрсетеді Data HUB сарапшылары.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ЕО Ресейге қарсы жаңа санкциялар әзірлеп жатыр, бірақ диалогқа да дайындалуда

Еуропалық Одақ Ресейге қатысты 21-санкциялар пакетін әзірлеуді жалғастырып жатыр, сонымен қатар Мәскеумен ықтимал келіссөздерге де дайындалуда. Бұл туралы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді.

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден сақтандыру төлемін енгізуі мүмкін

Иран болашақта Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден сақтандыру төлемін алу құқығын өзінде қалдыратынын мәлімдеді.

Қазақстанда аңшылық пен жануарлар дүниесін қорғау саласындағы заңнама жетілдірілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жануарлар дүниесін қорғау, орман және аңшылық шаруашылығы мәселелеріне қатысты заңға және оған ілеспе құжатқа қол қойды.

АҚШ пен Иран келіссөздері кейінге шегерілді

АҚШ пен Иран арасында жұма күні Швейцария аумағында өтуі жоспарланған келіссөздер кейінге қалдырылды. Бұған Израиль армиясының Ливан оңтүстігіндегі «Хезболлаға» қарсы соққылары себеп болғаны хабарланды.