Евразия24ЖаңалықтарИран теңіздегі кез келген қарсыласқа қуатты соққы беруге дайын

Иран теңіздегі кез келген қарсыласқа қуатты соққы беруге дайын

|

|

ДУБАЙ. 6 қазан. ИНТЕРФАКС – Ислам революциясы сақшылары корпусының (КСИР) Құрлық әскерІ қолбасшысы Мохаммад Пакпур Парсы шығанағындағы аралдарда орналасқан КСИР-дің әскери-теңіз күштері (ӘТК) бөлімшелерін тексеру барысында олардың жауынгерлік дайындық деңгейін жоғары бағалады. Бұл туралы дүйсенбі күні Иранның IRNA агенттігі хабарлады.

«Қарулы күштер 12 күндік мәжбүрлі соғыс кезінде сионистік режим мен АҚШ-ты тізе бүктіргендей, егер қарсылас теңізде немесе аралдарда қандай да бір әрекетке барса, КСИР-дің әскери-теңіз бөлімдері бар күшін салып жауап береді», – деді Пакпур.

Мехр агенттігінің дерегінше, инспекция барысында қолбасшы Парсы шығанағында америкалық кеменің өтуін де бақылаған.

Еске сала кетсек, Израиль 13 маусымда Иранға қарсы әскери операция бастаған болатын. Оның мақсаты ретінде ислам республикасының ядролық бағдарламасын жою жарияланды. Бұған жауап ретінде Иран Израиль аумағына соққы бере бастады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...