Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан ТМҰ аясында киберқауіпсіздік жөніндегі кеңес құруды ұсынды

Қазақстан ТМҰ аясында киберқауіпсіздік жөніндегі кеңес құруды ұсынды

|

|

Астана. 7 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) аясында киберқауіпсіздік жөніндегі кеңес құруды ұсынды, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Түркі мемлекеттері қауіпсіздікті нығайту және терроризм сияқты түрлі сын-қатерлерге қарсы тұру жолында ортақ мақсаттарды көздейді. Біз жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды үнемі қолдап келеміз. Алайда қол жеткізілген нәтижелермен шектеліп қалуға болмайды. Осыған байланысты, Түркі мемлекеттері ұйымы аясында киберқауіпсіздік жөніндегі арнайы кеңес құруды ұсынамын. Бұл құрылым мемлекеттеріміздің іс-қимылын үйлестіріп, күш-жігерді жұмылдыруға септігін тигізеді», – деді Тоқаев ТМҰ-ның Габалада өткен саммитінде.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл кеңес цифрлық қауіпсіздікті дамытуға және осы саладағы өзара байланысты нығайтуға ықпал ететін болады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Израиль әуе күштері Тегеранда ядролық зерттеу орталығына соққы жасады – ЦАХАЛ

Израиль әскери-әуе күштері сенбі күні Тегеран қаласындағы ядролық зерттеулер мен әзірлемелерге арналған стратегиялық нысанға соққы жасады.

Иран әскери операция басталғалы бері Израильге 400 баллистикалық зымыран ұшырған – ЦАХАЛ

Иран америкалық-израильдік әскери операция басталғалы бері Израиль аумағына 400 баллистикалық зымыран ұшырды, олардың 92%-ы атып түсірілген.

Иран Ормуз бұғазын тек өз қарсыластары үшін жапқанын мәлімдеді

Иран Ормуз бұғазы арқылы қозғалысты толықтай тек елдің қарсыластарына қатысты кемелер үшін ғана шектегенін мәлімдеді.

Саудиялық әскерилер Ираннан ұшырылған зымыран мен бірнеше дронның атып түсірілгенін хабарлады

Сауд Арабиясы әуе қорғаныс күштері жексенбі күні таңертең Иран тарапынан ұшырылған бірнеше дрон мен бір зымыранды жойды, деп хабарлайды ЭФЭ агенттігі.