Евразия24ЖаңалықтарТоқаев «ЛУКОЙЛ» компаниясының акционері Алекперовпен бірлескен жобаларды талқылады

Тоқаев «ЛУКОЙЛ» компаниясының акционері Алекперовпен бірлескен жобаларды талқылады

|

|

АСТАНА. 14 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ЛУКОЙЛ» компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Президентке «ЛУКОЙЛ» компаниясының Қазақстандағы қазіргі қызметінің нәтижелері мен алдағы жоспарлары жөнінде баяндалды. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қаламқас-теңіз және Хазар кен орындарын игеру бойынша жүзеге асып жатқан ірі бірлескен жобаның барысы туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Вагит Алекперовті «ЛУКОЙЛ» компаниясының Қазақстандағы 30 жылдық табысты қызметімен құттықтады.

«ЛУКОЙЛ» Қазақстанда 1995 жылдан бері жұмыс істейді. Компания еліміздегі бірқатар ірі мұнай-газ жобаларына қатысады. Атап айтқанда: Қарашығанақ жобасында – 13,5% үлесі бар («Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясында); Теңгіз жобасында – 5% үлесі («Теңізшевройл» ЖШС-де); Құмкөл жобасында – 50% үлесі («Торғай Петролеум» АҚ құрамында); Сондай-ақ, Каспий құбыр консорциумына (КҚК) Қазақстанмен бірге қатысады («ЛУКОЙЛ»-дың үлесі – 12,5%).
Сонымен қатар, «ЛУКОЙЛ» «ҚазМұнайГазбен» бірлесіп, Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Қаламқас-теңіз және Хазар кен орындарын игеру жобасына қатысуда. Бұл жобада алғашқы мұнай 2028–2029 жылдары алынуы жоспарланып отыр.

Жалпы алғанда, кен орындарының игеруге жарамды қоры 48,5 млн тонна мұнай мен 19 млрд текше метр газ көлемінде бағаланған. «ҚазМұнайГаз» деректеріне сәйкес, жылдық өндіру көлемі шамамен 4 млн тоннаны (тәулігіне 80 мың баррель) құрайды. Мұнай өндіру кезеңі – кемінде бес жыл. Алдын ала бағалауға сәйкес, жобаға құйылатын инвестиция көлемі шамамен 6,4 млрд АҚШ долларын құрамақ.

Қаламқас-теңіз, Хазар және Ауэзов жобалары бойынша түпкілікті инвестициялық шешімді серіктестер 2025 жылы қабылдайды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.