Евразия24ЭкономикаТеңіз жобасы: келісімшартты ұзарту туралы пікірталас және ұлттық мүдде мәселесі

Теңіз жобасы: келісімшартты ұзарту туралы пікірталас және ұлттық мүдде мәселесі

|

|

Forbes.kz Теңіз кен орнын игеру жөніндегі келісімшарттың 2033 жылы аяқталатын мерзімін ұзарту мүмкіндігін талдады: «Келісімшартты ұзартудың тиімділігі туралы пікірталаста сарапшылардың көзқарасы әртүрлі. Energy Monitor қорының директоры Нұрлан Жұмағұловтың пікірінше, Chevron компаниясымен жасалған келісімді ұзарту қажет. Оның айтуынша, Теңіз — әлемдегі ең күрделі кен орындарының бірі, мұндағы күкіртсутегі мөлшері 13%-дан асады. 2033 жылға қарай қабат қысымының төмендеуіне байланысты мұнай өндіру көлемі азаюы мүмкін, сондықтан мұндай кен орнын халықаралық серіктестердің қатысуынсыз «ҚазМұнайГаздың» өз күшімен игеруі қиын болады». Ал «Байдильдинов. Нефть» Telegram-арнасының авторы Олжас Байдильдиновтың пікірі басқа. Ол Теңіз жобасы бойынша келісімшартты ұзартуды орынсыз деп санайды. Оның айтуынша, жобада 75% үлеске ие Chevron мен ExxonMobil келісімшарт мерзімін тағы 20 жылға ұзартуға ұмтылып отыр, себебі олар «Болашақ кеңею жобасына (БКЖ)» салынған инвестициялар әлі өтелмегенін алға тартуда. Алайда Байдильдиновтің пікірінше, бұл инвестициялардың көлемі мен негізділігі күмән тудырады.

 

Евразия24 пікірі:

Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған жобалары бойынша қолданыстағы жер қойнауын пайдалану келісімшарттарының мерзімі әртүрлі: Теңіз бойынша – 2033 жылға дейін, Қарашығанақ бойынша – 2037 жылға дейін, ал Қашаған бойынша – 2041 жылға дейін. Бұл келісімдерді ұзарту туралы түпкілікті шешім Астанада қабылданады. Сарапшылардың пікірінше, бұл процесс қызу пікірталастармен өтуі ықтимал. Себебі 2025 жылы қаңтар айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев тіпті қолданыстағы келісімшарттардың өзін қайта қарау қажеттігін атап өтіп, Үкіметке ірі жобалар бойынша шетелдік серіктестермен келіссөздерді жандандыруды тапсырған еді. Президенттің сөзіне сүйенсек: «Ірі кен орындары бойынша өнімді бөлу туралы келісімдерді іске асыру Қазақстанның жаһандық нарыққа энергия тасымалдаушы ретінде сенімді жеткізуші болуына мүмкіндік берді. Алайда ауқымды инвестициялар ұзақ мерзімді жоспарлауды талап етеді. Сондықтан Үкіметке СРП келісімдерін ел мүддесіне сай жаңартылған, тиімді шарттарда ұзарту жөніндегі келіссөздерді жандандыру қажет», – деп хабарлаған болатын БАҚ. Бұл мәлімдеме Ақордада қазіргі шарттардың Қазақстан үшін әділ емес екені туралы түсінік барын көрсетеді. Сарапшы Олжас Байдильдинов бірнеше жылдан бері мемлекеттің мұнай мен газ өндірудегі үлесі тым төмен екенін, ал негізгі кірістердің шетелдік жер қойнауын пайдаланушыларға тиіп жатқанын атап келеді.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ-тың көздегені тек Иран ба?

 Таяу Шығыстағы жағдайдың қайта шиеленісуіне Йемендегі қақтығыс тараптары арасындағы әскери іс-қимылдардың күшеюі себеп болып отыр. Әсіресе Сауд Арабиясының отын инфрақұрылымына жасалған соққылардың салдары ауыр. Алайда тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман АҚШ президенті Дональд Трамптан әскери қолдау сұрағанда, Вашингтон бұл өтінішті қабылдамады. Иранмен қақтығыста жеңіліске ұшыраған АҚШ пен Израиль енді Таяу Шығыстағы ірі ойыншыларды бір-біріне қарсы қойып, өңірлік қақтығыс туғызуға тырысып отыр. Бір жағында – Иран, екінші жағында – Парсы шығанағындағы араб монархиялары. Бұған қоса, жақында жасалған әскери келісімге байланысты Түркия мен Пәкістан да соғысқа араласады деген үміт бар.

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.