Евразия24ЖаңалықтарТоқаев спорт федерацияларын мемлекеттік қолдауға толық тәуелділігі үшін сынға алды

Тоқаев спорт федерацияларын мемлекеттік қолдауға толық тәуелділігі үшін сынға алды

|

|

АСТАНА. 17 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев спорт федерацияларының мемлекет қаржысына толықтай сүйенуін сынға алды. Ол спортты дамыту азаматтық жауапкершілік болуы тиіс екенін айтып, оны жеке PR құралы ретінде пайдалануға болмайтынын ескертті.

«Қазіргі таңда спорт федерациялары бедел мен ықпал жинайтын құрылымдарға айналды. Көбінесе оларды ірі бизнес өкілдері мен мемлекеттік органдардың басшылары басқарып отыр. Алайда кәсіпкерлер спортты дамытуға өз қаржысын салудан гөрі, мемлекет қаржысына сүйенуге бейіл», – деді Тоқаев жұма күні құтқарушылар күніне арналған жиында.

Президент мемлекеттік қызметкерлердің де спорт саласындағы жоғары қоғамдық лауазымдарды өз беделін көтеру үшін пайдаланатынын атап өтті.

«Арасында спортшылардың жетістігін өз еңбегі ретінде көрсететіндер де бар. Бұл теріс үрдістерге тоқтау салатын уақыт келді. Қалыптасқан жағдайды жан-жақты саралау қажет, бұл тапсырманы Президент Әкімшілігіне жүктеймін», – деді ол.

Мемлекет басшысы спорт федерациясын жеке бедел көтеру құралы ретінде пайдалану – жол беруге болмайтын әрекет екенін қадап айтты.

«Мемлекет кәсіпкерлерді, оның ішінде ірі бизнес иелерін қолдайды. Бірақ мемлекет пен қоғам да олардың спортты, әсіресе футболды коммерцияландыру секілді бастамаларда кері байланыс білдіруін күтеді. Спорт және туризм министрлігі мен спорт федерациялары арасында тең құқылы диалог орнап, әр тараптың функциясы мен өкілеттігі нақты бөлінуі тиіс», – деді Тоқаев.

Сонымен қатар, Президент кейбір спорт федерацияларына жаңа буын бизнесмендер мен меценаттар келе бастағанын, оларға спортты дамыту бағытында нақты міндеттер жүктелгенін айтты.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан және өркениеттік бағдар

«Шұғыл! Ақорда сын кезеңде тұр! Назарбаевтың Путинге құпия сапары! Фархад Қасеновпен сұхбат» — Daily Europe Online арнасындағы кезекті бейнеролик. Уайымдаудың қажеті жоқ – «Ақорда сын кезеңде тұр» немесе «бұрынғы Елбасының Кремльге құпия сапары» секілді тақырыптар тек назар аударту үшін қойылған. Шын мәнінде, бейнероликтің мазмұны мүлде басқа.

Мүмкіндігі шектеулі тәрбиешілер

«Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған маңызды өзгерістер қабылданды. Бұл өзгерістер «Мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң аясында іске асырылуда

Мал шаруашылығын несиелеу: пайда ма, шығын ба?

Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қатысты мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты – мал шаруашылығын түрлі мақсаттарға арналған жеңілдетілген несиелеу арқылы қолдау болатыны аталған жаңалықтан айқын аңғарылады.

Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты: мүмкіндіктер мен тәуекелдер

Қазақстан бірнеше онжылдық бойы халықаралық деңгейде өз ұстанымын қалыптастыруға ұмтылғанымен, ішкі тұрақтылық пен дербес жүйелерді орнықтыра алған жоқ. Соның нәтижесінде Астана сыртқы державалар мен ықпалды күштердің тартылыс аймағында қалып отыр. Мұндай жағдайда кей кездері жағымды факторлар әсер етуі мүмкін. Алайда геосаяси тұрақсыздық күшейген тұста шығындардың арту қаупі өзекті мәселеге айналады.