Евразия24ЖаңалықтарАҚШ Газа секторындағы бейбіт үдерісті жалғастыруға ниетті

АҚШ Газа секторындағы бейбіт үдерісті жалғастыруға ниетті

|

|

Иерусалим. 22 қазан. Интерфакс. АҚШ билігі ХАМАС қозғалысын қарусыздандыру қажеттігін бұрынғысынша маңызды деп санайды және Газа секторындағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу жөніндегі жоспарды ілгерілетуге дайын. Бұл туралы АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс мәлімдеді.

«Қазір шешуші кезеңге аяқ бастық. Біз Газа мәселесін бейбіт жолмен шешу жоспарын бірлесе талқылауға мүмкіндік туғанына қуаныштымыз. Алдымызда күрделі міндеттер тұр: ХАМАС-ты қарусыздандыру, Газаны қалпына келтіру, тұрғындардың өмірін жақсарту және ХАМАС енді Израильдегі достарымызға қауіп төндірмеуін қамтамасыз ету», – деп келтіреді The Times of Israel басылымы Вэнстің Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесуінен кейінгі сөзін.

Вэнс Израильде және араб мемлекеттерімен жүргізілген келіссөздерді жоғары бағалады.
«Біз қазір бейбіт жоспардың құрылымын қалыптастырып жатырмыз, бұл бұрын болмаған жаңа негіз. Тіпті бір апта бұрын да мұндай мүмкіндік болған жоқ. Бұл ауқымды еңбекті әрі шығармашылық көзқарасты талап етеді», – деді АҚШ вице-президенті.

Өз кезегінде Биньямин Нетаньяху АҚШ-пен арадағы одақтастық пен серіктестіктің бұрын-соңды болмаған деңгейде екенін атап өтті.
«Бұл Таяу Шығыстың және тұтастай әлемнің бет-бейнесін өзгертетін оқиға», – деді ол.

Сейсенбі күні Вэнс Вашингтон ұсынған бейбіт жоспар Таяу Шығыста ұзақмерзімді тұрақтылық орнатуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

9 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамптың, сондай-ақ Мысыр, Катар және Түркияның арағайындығымен Газа жөнінде бейбіт келісімге қол жеткізілген болатын. Осыдан кейін анклавтағы белсенді әскери қимылдар тоқтады.

ХАМАС қозғалысы Израильге 20 тұтқынды тірідей қайтарды. Өз кезегінде Израиль шамамен екі мың палестиналық тұтқынды босатып, әскерін алдын ала келісілген шептерге шегіндірді. Алайда қаза тапқан тұтқындардың мәйіттері әзірге Израильге берілген жоқ.

Израильдің қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) жексенбі күні ХАМАС тарапынан Газа секторында атысты тоқтату режимінің елеулі бұзылғанын тіркегенін хабарлады. The Times of Israel мәліметінше, оқиға салдарынан екі сарбаз қаза тауып, тағы үшеуі жараланған. Бұған жауап ретінде израильдік күштер Газаға бірнеше жойқын соққы берген. Дүйсенбіге қараған түні ЦАХАЛ Газа секторында атысты тоқтату режимін қайта қалпына келтірді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.