Евразия24Таңдаулы жаңалықтарТіл мәселесі Сенатқа жетті

Тіл мәселесі Сенатқа жетті

|

|

Informburo.kz хабарлайды: Сенатор Руслан Рүстемов мектепке дейінгі ұйымдарда, мектептер мен жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту тәсілін жаңартуды ұсынды. Оның айтуынша, қазіргі оқу бағдарламалары оқушылардың сөйлеу және ойлау қабілеттерінің дамуын толық ескермейді. Грамматиканы меңгеру жеткілікті терең деңгейде жүргізілмейді, ал тақырыптар «қарапайымнан күрделіге» қағидаты бойынша жүйелі қайталанбайды. Сенатор сондай-ақ жоғары оқу орындарына арналған бірыңғай стандарттардың жоқтығына назар аударды: әр университет «Филология» мамандығы бойынша бағдарламаларды өз бетінше әзірлейді. Осыған байланысты сенатор ел бойынша бірыңғай оқу бағдарламасын әзірлеуді және қазақ тілін кәсіби бағыттағы пән ретінде барлық мамандықтарда оқитын студенттер үшін міндетті пәнге айналдыруды ұсынды. Бұл талап қазақ тілінде білім алатындарға да қатысты болмақ.

 

Евразия24 пікірі:

Тамаша депутаттық бастама! Өкінішке қарай, мұндай ойға Білім және ғылым министрлігі мен Жоғары білім министрлігі бұған дейін өздігінен келе алмағаны қынжылтады. Неге екенін болжау қиын емес: мектепте қазақ тілін бастауыш сыныптардан бастап міндетті түрде оқытуға қарамастан, осы жылдар ішінде қазақ тілі ана тілі болып табылмайтын түлектердің қаншасы тілді ең болмаса ауызекі деңгейде меңгеріп шығатынына ешкім шынайы талдау жасаған жоқ. Егер зерттеу жүргізілсе, мұндай оқушылардың үлесі тым аз екені анықталар еді. Оның өзінде, сол аз бөлігі, бәлкім, қосымша мұғалімдердің көмегіне жүгінген болар. Біз «шынайы тексеріс» деген ұғымды бекер айтфп отырған жоқпыз. 2023 жылдан бастап Қазақстаның 5-сыныптан бастап барлық мектеп оқушылары, тіпті үздік оқушылары да, оқу жылының соңында қазақ тілінен емтихан тапсырады. Нәтижесі қағаз жүзінде жаман емес деп көрсетіледі. Алайда бұл жетістік, негізінен, балалардың емес, мұғалімдердің еңбегі – олар мектептің беделін түсірмеу үшін емтихан кезінде барынша көмектеседі. Балаларыңыздан сұрап көріңізші: олар бұл емтихандарды қалай тапсырады және жалпы мектептегі қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы не ойлайды? Жауабы сізді таңғалдыруы мүмкін. Ал сенатордың ұсынысының өзектілігіне бұдан кейін күмән қалмайды.

 

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.