Евразия24Басты бетБешпармақ. Инженер толғанысы.БАТЫС ЖОРЫҒЫ

Бешпармақ. Инженер толғанысы.БАТЫС ЖОРЫҒЫ

|

|

МІНДЕТТЕР мен оларды ОРЫНДАУШЫ

1235-жылы Оқытай Ханның басшылығымен Құрылтай өтіп, онда Мәңгі Елдің Орыс Мәселесі бойынша іс-қимыл жоспары мен екі стратегиялық әскери операциядан тұратын Батыс Жорығы туралы тарихи шешім қабылданды.

Батыс Жорығының бірінші бөлігі «Русьті құтқару операциясы» деп аталды. Қасиетті Рим империясының Русьті басып алуына жол бермес үшін, оның алдын орап, Русьтің барлық қала-мемлекеттерін аралап, жағдайды ұғындырып, дипломатиялық үгіт жүргізіп, Мәңгі Ел Федерациясының құрамына кіргізіп, келісімдерге қол қойдырып алу керек. Сонда Бірінші Рейх Федерациямен соғысуға тура келетінін түсінеді де, ақылы болса, орыс жерлерін басып алу ниетінен бас тартады.

Мәңгі Елге өз еркімен қосылуды қалаған орыс княздіктері Федерацияның егемен субьектілері деген ресми мәртебе алады.

Ал, Еуропа Одағына кіруді жақтаған немесе Мәңгі Елге қосылғысы келмейтін, сонысымен  Русьті бұрынғыдан бетер ыдырататын орыс князьдіктерін күшпен көндіріп, Федерацияға мәжбүрлеп қосуға тура келеді.

Батыс Жорығының екінші бөлігі «Еуропаны бейбітшілікке мәжбүрлеу операциясы» деп аталды. Өйткені, Бірінші Рейхтің алдын орап, орыс аумақтарын өзіне қаратып алғаны үшін, Еуропа Одағы Мәңгі Елге соғыс ашып, жағдайды қайтадан бұрынғы қалпына келтіруге тырысуы әбден мүмкін.

Егер Батыстың осы ниеті расталса, жедел түрде жорыққа аттанып, алдын-ала соққы жасап, Қасиетті Рим Империясының әскери әлеуетін өз жерінде жойған жөн.

Орыс князьдіктерімен достық одақ құру дипломатиялық міндеті Жеңіс Ханның 30 жасар немересі, Жолшы Ханның ұлына жүктелді. Орта Азияда Хорезмнің 27 уәлаятымен, Таяу Шығыс пен Кавказда келіссөздер жүргізіп, Мәңгі Елге кіру туралы келісімдерге қол қойғызып, әбден ысылған, бүкіл Жеңіс әулетінің ішіндегі өте тәжірибелі саясаткер болатын. Ол бізге Бату Хан деген атпен белгілі. Шын мәнінде, оның аты Батыл, бірақ, «л» әрпіне тілі келмейтін қытай тарихшылары «Баты» деп жазып жіберген. Қытай жылнамасынан көшірген орыс тарихшылары оны «Батый» деп атады. Ал, қазақтар бұл «русизмді» өз ыңғайына бейімдеп, түсініксіз «Бату»-ға айналдырады.

Енді есімізде болсын, Мәңгі Елдің тамаша мемлекет қайраткерінің ақиқи есімі – Батыл. Өз басым оны жетістіктерінің ауқымы жағынан Жеңіс Ханнан кейінгі екінші тұлға деп есептеймін. Бірақ, бұдан арғы әңгімелерде бәріне үйреншікті «Бату Хан» есімін қолданамын.

 

РУСЬТІ ҚҰТҚАРУ ОПЕРАЦИЯСЫ

Дипломатиялық шеберлікке іс жүзінде машықтансын деп, Оқытай Хан әкелері әдейі жіберген бауырларын бастап, Бату Хан 1236-жылы Русьті Құтқару Операциясының алғашқы қысқы маусымына аттанды.

Қыс – дипломатиялық миссияларды атқаруға нағыз қолайлы кезең. Өйткені, күзгі жауыннан лайсаң тартатын жолдар бұл кезде әбден қатады, бүкіл ауылшаруашылық жұмыстары аяқталады, аумақтардың басшылары түгел өз сарайларында отырады, демек, байсалды келіссөздер жүргізуге де уақыт жеткілікті. Орыс Мәселесін шешу барысында Бату Хан қыстыгүні Руське 5 рет барып-келді. Тек бір рет, 1240-жылы ғана Нева шайқасын көрмек болып, жазда барды.

Дәл осы қыс кезінде халық жасақтарын міндетті оқу-жаттығуға жинайтын болғандықтан, Бату Хан сол сапарлары кезінде өзімен бірге кейде бір, кейде екі түмен ертіп алып, «Қысқы жорықтардың тактикасы мен логистикасы» тақырыбы бойынша жаттығуларды қоса өткізіп жүрді.

1236-жылы Руське бара жатқан жолда Бату Хан Еділ Бұлғариясының Билеушісіне соғып, қонақ болып, көптен бергі уәдесін орындап, осынау достас, ниеттес түркі халқының Мәңгі Ел Федерациясына кіргенін растайтын ресми құжаттарды рәсімдеді.

Бату Ханның сапары жайлы естіген башқұрт, қыпшақ, хазар, ноғай және басқа да далалық түркі халықтарының Билеушілері оны қонаққа шақырып, шабармандарын жіберді. Сөйтіп, Бату Хан қысқы үш іссапары барысында олардың егемен субьектілер құқығын иелене отырып, Федерация құрамына кіргенін растайтын келісім құжаттарына қол қойды.

Сол 1236-жылы бүкіл орыс аумақтарының ішінде бірінші болып солтүстік-батыс Новгород князьдігі мен көршілес Владимир князьдігі Бату Ханға Мәңгі Елге кіргісі келетін өтініштерін айтты.

Кедей орыс князьдіктері арасындағы өзара кикілжің-қақтығыстардан аулақ болуға тырысатын осынау дәулетті екі қала-мемлекет жақсы жерде орналасқандығының арқасында, скандинавтар мен литва князьдігімен ауқымды сауда-саттық жүргізетін. Сондықтан, олар Бірінші Рейхтің орыс князьдіктерін қалайда шабатынын және ең бірінші кезекте өздерінің жерлерін басып алатынын бек жақсы түсінді. Түсініп, Мәңгі Елді паналады.

Ол – ол ма?! Демократиялық Новгородтың «вече» деп аталатын халық жиналысы Новгород князі, 15 жасар Александрға дереу Федерацияға кіруге кеңес берді. Және сол  «вече»-нің ұсынысымен Александр Мәңгі Елмен әкімшілік қана емес, туысқандық тұрғыдан да байланысты нығайтып, Бату Ханның ұлы Сартақпен бауырласып, Ханның өкіл ұлы болып алды. Осының бәрі сол қыста, Мәңгі Ел делегациясының Новгородқа салтанатты сапары кезінде атқарылды.

Мәңгі Елдің осылай белсенді дипломатиялық әрекетке кіріскенін, Русьті құдіретті «қанатының» астына алмақ екенін естіген Бірінші Рейх, енді қимылдамаса, өздері көксеген Русьтен әне-міне айырылып қалатынын түсінді. Сөйтіп, 1237-жылдың желтоқсан айында Рим Папасы Григорий Тоғызыншы Крест жорығын бастайтынын мәлімдеп, оны, әдеттегідей «католик емес православ орыстарға қарсы, ақиқат католик Христиан діні» жолындағы жорық деп жариялады.

Мәңгі Елдің Сыртқы Барлау қызметінің тыңшылары бұл хабарды дереу орыс князьдарының қаперіне жеткізді,  нәтижесінде, 1237-ші және 1238-ші жылдары Русьтің орталық аудандары: Муром-Рязань, Мәскеу және Суздаль князьдіктері де жапа-тармағай Мәңгі Ел құрамына кірді. 1239-жылдың келесі қысында Чернигов, Переяславль, Путивль, Глухов және Русьтің оңтүстік бөлігіндегі басқа да қала-мемлекеттер Федерация құрамына кіргенін рәсімдеді.

Бірінші Рейх Руське басып кіру үшін, 3 жылдан аса уақыт бойы ақша жинап, әуреленді. Әдетте тез бітетін шаруа тым ұзаққа созылып кетті, өйткені, Мәңгі Елдің Сыртқы Барлау қызметінің Еуропадағы тыңшылары Бірінші Рейхке барынша кедергі жасады. Сөйтіп, жанталаса амалдап жүріп, Бату Хан бастаған ісін аяқтап алғанша, уақыт ұтып берді.

Күткендей-ақ, Еуроодақ, ең бірінші кезекте, «күлшелі» Новгород жеріне соққы жасап, тонауды ұйғарды. Крест Жорығын басқаруға Швецияның ең мықты билеушісі, Стокгольмнің негізін қалаған Герцог Биргер Магнуссон сайланып шықты. Ол Бірінші Рейхтің әскеріне үлкен флот, сондай-ақ, швед және фин сарбаздарын қосуға уәде етті. Әккі, айлакер герцог өз пайдасын көздеді – өйткені, Новгородты басып алса, Русь пен Еуропа арасындағы Балтық теңізі арқылы жүретін бүкіл сауда-саттық түгелдей Швецияның бақылауына көшер еді.

Ресей тарихшыларының жазуынша, 1240-жылғы шілденің 15-нде Нева өзенінде 19 жасар Князь Александр Ярославұлы (бұл кезде Батуханұлы) бастаған 1500 дружина сарбаздары мен қалалық-жасақшылардан тұратын Новгородтың құрама командасы мен 5000 (!) швед, неміс, норвег, фин және литва Кресшілерінен тұратын Еуропа Одағының кәсіпқой жауынгерлері құрамасының арасында шайқас өткен.

Ресейлік тарихи материалдарға сенсек, әскерге алынатын жасқа жеткен қызыл шырайлы бозбала Князь Александр Батуханұлы керемет Ұлы Қолбасы болып шығып, ұрыс алаңында өз бригадасының қимыл-әрекетін шебер басқарғаны сонша, күші бірнеше есе басым жауды тас-талқан етіп жеңген. Сол үшін халық оны құрметтеп, «Александр Невский!» деп атап кеткен.

Құрметтейтін жөні бар, деп жазады тарихшылар, ол өте батыл, өжет болды ғой, сондықтан, алып Голиафты жеңген еврей баласы Давидке ұқсап, жас Князь да Биргердің өзімен жекпе-жекке шығып, ұшқыр найзасымен тістерін жаусатып түсірген (әскербасы-герцог несіне қоян-қолтық ұрысқа шыққан, түсініксіз?).

Сірә, Еуропа құрамасының жүйкесі жұқа рыцарьлары мұндай масқараға шыдамаса керек, көңілдері түсіп, шайқасқысы келмей, қаруларын лақтырып тастаған. Сөйтіп, орыс жауынгерлері оларды сол арада қырып салған… дейді ресейлік жылнамашылар. Жарайсыңдар!

Шынтуайтында, бәрі басқаша өрбіді. Мәңгі Елдің саяси һәм әскери басшылығы Қасиетті Рим Империясының Руське қашан және қай жерден басып кірмек екенін жақсы білді. Ал, Бірінші Рейхтің экспедициялық корпусының (яғни, уақытша жорық жасағының) құрамы мен толық тізімі (төлем тізімдемесі) еуропалықтардың қолбасшысы Магнуссон мырзаның қолына тимей тұрып-ақ, Мәңгі Елдің Бас Штабы «Орта»-ға белгілі болған еді. Сол себепті де, Бату Хан Еуроодақтың Руське шабуылын тойтаруға әуел бастан дайын болды. Ол аспай-саспай, өзінің 10 000 салт атты түменімен Новгородқа келіп, Биргердің жасағын күтіп жатты.

Бәрін біліп отырғанына қарамастан, Мәңгі Ел тарапынан Бірінші Рейх басқыншылығының алдын алып, бірінші болып шабуға еш әрекет жасалмады. Оның себебі түсінікті де. Еуропа Федерацияға бағынышты Новгород князьдігіне, ал, заң тұрғысынан алғанда, Федерацияның өзіне «опасыздықпен» шабуыл жасағаннан кейін, Мәңгі Ел қарымта соққы беруге және Батыс Жорығының жоспарлы екінші кезеңін, яғни, Еуропаны бейбітшілікке мәжбүрлеу операциясын жүзеге асыруға халықаралық заң тұрғысынан толық қақылы болады.

Бәрін біліп отырғанына қарамастан, Мәңгі Ел Бірінші Рейх басқыншылығының алдын алып, бірінші болып шабуға еш әрекет жасамады. Оның себебі түсінікті де. Еуропа Федерацияға бағынышты Новгород князьдігіне «опасыздықпен» шабуыл жасаса, заң тұрғысынан алғанда, Мәңгі Ел Федерациясының өзіне шабуыл жасаған болып шығады (өйткені, Новгород князьдігі Федерецияның субъектісі). Содан кейін-ақ, Федерация қарымта соққы беруге және Батыс Жорығының жоспарлы екінші кезеңін, яғни, Еуропаны бейбітшілікке мәжбүрлеу операциясын жүзеге асыруға халықаралық заң тұрғысынан толық қақылы болады.

Ақыры көптен күткен швед кемелері Нева жағасына жетіп, Еуропа Одағы әскерлерінің құрамасы жерге түсе сала, Новгород жасағына тұра ұмтылды. Тіпті, әскери ереже бойынша төңіректі барлауды да естерінен шығарды. Сыпайы Бату Хан орыс жауынгерлері жасағының өз Отанын қорғап соғысуға, өздерінің патриоттық борышын адал орындап, тарихта қалуға құқығын құрметтеп, оларды Биргер полктарының дәл алдына қойды.

Сан жағынан бірнеше есе көп болғандықтан, көңілдері көтеріңкі рыцарьлар ойда-жоқта батылданып кеткен новгородтықтармен қылыш айқастырудың қызығына түсіп жатқанда, тап іргедегі орманда бой тасалаған Бату Ханның 10 000 салт атты жауынгері кресшілер әскерін қос қанаты мен ту сыртынан әп-сәтте қоршап алып, үн-түнсіз садақ тартып, еңгезердей еуропалықтардың арқасына жебелерін терең қадауға кірісті.

Кресшілер жаңбырша жауған оқтан қатары сиреп қалғанын түсініп, Неваға қарай қаша жөнелгенге дейін-ақ, Бату Ханның садақшылары олардың кемелерін тұтанғыш жебелермен атқылап, жағадан алыстатып тастаған болатын. Үрейден естері шыққан еуропалықтар оларды жүзіп қуып жетпек болып, суға қарғыды. Бірақ, қайдан жетсін – сауыт-сайманы ауыр, жүгірем деп ентіккені және бар, бірі қалмай суға батып кетті.

Новгород Князі, жасөспірім Александр Батуханұлы нағыз Ұлы Қолбасыға тән әдетпен өкіл әкесі Бату Хан мен өкіл бауыры Сартақтың ортасында, жібекпен тысталған жұмсақ орынтаққа жайғасып, бүкіл ұрыс барысын төңірек тұтас көрінетін биік төбе басынан ынты-шынтысымен бақылады. Аса бір өткір тұстарда ішкі сезімін ашықтан-ашық былапыт сөздермен шығарып отырды.

  • Анаған айт, әкемнің көзінше бейпіл сөйлемесін! – деп сыбырлады Сартақ тілмәшқа. Содан соң-ақ, жас Князь тынышталып, әрі қарай өз командасына үнсіз жанкүйер болып, біресе қолдарын қынжыла сілкіп, біресе ызалана басын ұстап, біресе орынтаққа қарғып шығып, алақанын қуана шапаттаумен болды!

Жеңіс құрметіне барлық қоңыраулары салтанатпен қағылып жатқан Ұлы Новгородқа қатары сиреген дружина мен халық жасағы жеңімпаз болып оралды. Бұл шеруді жүйрік арғымақ мінген Князь Александр Батуханұлы бастап кірді. Қала тұрғындары өздерін құтқарған Ұлы Қолбасыны есімін атап, дәріптеп жатты!

Бату Ханның жауынгерлері «Түнгі Новгород оттары» экскурсиясына кеш бата келді. Олар майдан даласында бөгеліп қалған еді: жебелерді жинап, бағалы олжаларды буып-түйіп, одан соң, қиян-кескі ұрыс пен күндізгі қапырықтан кейін өзенде шомылып, өз қостарында тамақтанып алып, қалаға беттеді.

Бірінші Рейх Мәңгі Елдің енді қарымта соққы жасайтынын, оған өздері жол беріп қойғанын түсінді. Нева қырғынында таңдаулы бөлімшелерінен айрылып, масқара болған Қасиетті Рим Империясы Федерация Әскерінің ғаламат әскери қуатын танып, мойындады! Император шұғыл түрде әскери стратегияны өзгертті. Енді шабуылды қойып, қорғанысқа дайындалуына тура келді.

Ең алдымен, «еуропалық құндылықтарды жақтаушы» орыс қала-князьдіктерін пайдаланып, Русь аумағында Федерация әскеріне қарсыласу ошақтарын құру қажет болды. Сол мақсатта Рим империясы Киев және Галицк-Волынск князьдіктерін көшпенділермен соғыстырмақ болды. Және оған себеп те табылды: Князьдар Қалқа бойындағы ұрыста өлім құшқан әкелері мен ағалары үшін кек сақтап қалған, Мәңгі Ел Федерациясына жылы қабақ танытпайтындары да сол еді.

Әмбе, осы екі князьдіктің басшылары көптен бері Еуропа Одағына кіргісі келіп, бірақ, оларды ешкім қабылдамай, есіктен қайтып жүрген. Енді, міне, Қасиетті Рим Империясына қызмет етуге мүмкіндік ала салысымен, олар Бірінші Рейхке жалпақтап, бірден «қысық көздерге» де, олардың қолшоқпарлары «москальдарға» да күшті тойтарыс беруге белді бекем буғандарына нандырды. Еуропа Одағы әскери көмек көрсетуге уәде берді. Киев басшылығы бұған сеніп, ашықтан-ашық құтырына бастады.

1240-жылғы желтоқсан айында Киев Князы бір кездегі ақымақ әкесінің қателігін тағы қайталады. Бірінші Рейхтің нұсқауымен Князь Бату Ханның бейбіт сауда-экономикалық ынтымақтастыққа шақырған хатын әкелген Мәңгі Елдің Елшісін жауыздықпен өлтірді. Сол кезде Еуроодақтың көмекке әскер жібереміз деген уәдесі жалған болып шығып, Князь олардың өзін ақымақ қылып, арамзалықпен Бату Ханның қаһарына ұшыратқанын түсінді. Түсініп, қорыққаны сонша, қоршаудағы Киевті тастап, Венгрияға қашты. Абыржымаңыз, біздікілер оны сол жақта ұстап алып, Пешт қаласының орталық алаңында көпшілік дәретхананың сасық қоймалжыңына батырып, көзін құртты.

Федерация әскерлері Киевке ультиматум қойғаннан кейін, ереже бойынша, сабырмен 3 күн күтті. Осы 3 күнде Киевтің тұрғылықты халқы Князьдың қашып кеткенінен онсыз да есеңгіреп қалған әскери гарнизонды тізе бүгіп, қаланы шабуылдан сақтауға көндірді. Содан соң, қалалықтар жеңімпаз көшпенділердің рұқсатымен Киев қамалының қабырғаларын қиратып, сақилықпен сыйға тартылған тегін құрылыс материалын қуана тасып әкетті; демократиялық Референдум өткізіп, Князьдіктің Федерацияға ерікті түрде кіретіні жөнінде шешім қабылдады; сосын осы тарихи оқиғаны қуаныштап, сауық-сайран құрды. Бұған тағы 6 күн кетті. Бәрін қосқанда – 9 тәулік.

        Жаңа 1241-жылды Киев князьдігі мен ақылға келген Галицк-Волынск князьдігі Мәңгі Елдің егемен субъектілері болып қарсы алды. Сөйтіп, Федерацияның батыс шекарасы жылжып, Бірінші Рейхтің шегіне тақала түсті. Қасиетті Рим Империясының Русь тарабындағы Крест Жорығы сәтсіздікке ұшырады, ал, Русьті құтқару Операциясы керемет табысты аяқталды!

Ал, енді Ресей тарихындағы осынау аса маңызды оқиғаларды кәсіби ағартушылар қалай суреттегенін көрейік.

Кітаптың бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Алғы сөз»

Кітаптың екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Зор күмәндар бастауы» 

Кітаптың үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Халықтың аспаздық өнері – тарих айнасы»

Кітаптың төртінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Бешпармақ төңірегіндегі жаңсақ түсінік. Палауға түсіндірме»

Кітаптың бесінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны»

Кітаптың алтыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны. Моңғол ұғымы»

Кітаптың жетінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Қазақстан туы. Тәңіршілдік»

Кітаптың сегізінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Кедей қалай хан болды?»

Кітаптың тоғызыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі ел құру жоспары» 

Кітаптың оныншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Көшпенділердің жаңа экономикалық саясаты»

Кітаптың он бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы сауда көлігі»

Кітаптың он екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. «Жүн жолы» жобасы»

Кітаптың он үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі елдің қарыштап өсіп-өркендеуі»

Кітаптың он төртінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы хан сайлауы» 

Кітаптың он бесінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм ілгерілеуге қарсы»

Кітаптың он алтыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм халықтарының жүректерін жаулау»

Кітаптың он жетінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Екінші мыңжылдық тұлғасына қарсы» 

Кітаптың он сегізінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Орыс мәселесі» 

Бешпармақ. Инженер толғанысы. ЖАППАЙ ҚОНЫС АУДАРУ. ҰЛЫ ХАННЫҢ СОҢҒЫ ЖОБАСЫ

Бешпармақ. Инженер толғанысы. ҚАЗІРГІ МОҢҒОЛДАР. АРИФМЕТИКАЛЫҚ АҚИҚАТ

Бешпармақ. Инженер толғанысы.ТАРТАРИЯ, ТАТАРЛАР ЖӘНЕ ГАМБУРГЕР

Бешпармақ. Инженер толғанысы.ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ РУСЬТІ КҮЙРЕТУІ

Бешпармақ. Инженер толғанысы.БАТЫС ЖОРЫҒЫ

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанның дербес бітімгершілік әлеуетінің нығаюы

ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлайды: «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы Голан биіктіктеріндегі БҰҰ-ның бөлінуді бақылау жөніндегі күштері (БҰҰББК) миссиясының ауданына инспекциялық сапармен барды. Сапарға ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев жетекшілік етті.

Сөз бостандығы және жауапкершілік: Конституция төңірегіндегі дау

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметте жалған ақпарат пен дезинформацияға қарсы күрес мәселелері бойынша арнайы кеңес өткізді. Жиынның басты тақырыбы жаңа Конституцияның жарияланған жобасына қатысты болды. «Мемлекеттік органдар мен жергілікті билік өкілдеріне бұл бағыттағы жұмысты жандандыру міндеті жүктелді. Ішкі істер министрлігіне жалған мәлімет таратқаны үшін қатаң құқықтық шаралар қолдану және жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету тапсырылды. Ал бұл жұмыстарды үйлестіру Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға сеніп тапсырылды», — делінген хабарламада.

Қазақстан Президенті Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Бұл туралы сейсенбі күні қазақстандық көшбасшының баспасөз қызметі хабарлады.

Үндістанның сауда министрі АҚШ-пен сауда келісімі бойынша келіссөздер әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді

Үндістан мен АҚШ арасындағы сауда келісімі бойынша келіссөздер соңғы кезеңге жеткенімен, әзірге толық аяқталған жоқ. Бұл туралы сейсенбі күні Үндістанның сауда және өнеркәсіп министрі Пиюш Гоял мәлімдеді.