Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Парламенті ТМД елдерінде радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау туралы келісімді ратификациялады

Қазақстан Парламенті ТМД елдерінде радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау туралы келісімді ратификациялады

|

|

Астана. 13 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламентінің Сенаты бейсенбі күні өткен жалпы отырыста Мәжіліс бұрын мақұлдаған “Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттерде радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау туралы келісімді ратификациялау туралы” заң жобасын қабылдады.

Осылайша, заң Парламент тарапынан толық мақұлданып, Мемлекет басшысына қол қоюға жолданады.

Құжаттың қорытындысына сәйкес, келісімнің негізгі мақсаттары – радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті арттыру, сондай-ақ физикалық қорғау қағидаттарын ескере отырып, ұлттық талаптарды оңтайландыру болып табылады.

Келісімнің ережелері ТМД-ға мүше мемлекеттердің аумағы арқылы теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен жүзеге асырылатын трансшекаралық тасымалдарға қолданылады.

Тасымалдау келісімшарт (контракт) негізінде жүзеге асырылады. Жүк жөнелтушіде экспорттаушы елдің, транзиттік елдің және тағайындалған елдің уәкілетті органдары берген рұқсат құжаттары болуы тиіс. Бұл құжаттар тиісті мемлекеттердің заңнамасына сәйкес беріледі.

Сонымен қатар, радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдауға арналған келісімшартта ықтимал апаттардың алдын алу шаралары, апат жағдайындағы сақтандыру және қаржылық кепілдіктер, радиоактивті материалдарды физикалық қорғау жауапкершілігін тапсыру орны мен оны күзету жауапкершілігін беру тәртібі көрсетілуі қажет.

Сенатор Шәкәрім Бұқтұғұтовтың айтуынша, Қазақстан аумағы арқылы тасымалданатын негізгі радиоактивті материалдар – табиғи уран және басқа да материалдар.

«Елімізден уран экспорттаудың артуы қауіпсіздікке ерекше назар аударуды талап етеді. Себебі тасымал көлемі мен географиясының кеңеюі қауіп-қатерлердің де артуына алып келеді», – деді депутат.

Оның мәлімдеуінше, қазіргі уақытта ТМД-ға мүше үш мемлекет – Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы – бұл келісімді ратификациялаған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.