Евразия24ЖаңалықтарАлты елдің елшілері Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын табыс етті

Алты елдің елшілері Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын табыс етті

|

|

Астана. 24 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Израиль, Қырғызстан, Куба, Ливан, Зимбабве және Сомали елдерінің жаңадан тағайындалған елшілері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Сенім грамоталарын келесі елшілер табыстады: Израиль Мемлекетінің елшісі Йоав Быстрицки, Қырғыз Республикасының елшісі Кудайберген Базарбаев, Куба Республикасының елшісі Альфредо Федел Ниевес Портуондо, Ливан Республикасының елшісі Джордж Абу Зейд, Зимбабве Республикасының елшісі Марк Грей Маронгве және Сомали Федеративтік Республикасының елшісі Фатхудин Али Мохамед.

Рәсім барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның бейбітсүйгіш ел ретінде әлемнің барлық елдерімен достық қатынастарды нығайтуға мүдделі екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол ішкі саяси бағыттың басты мақсаты – Әділетті Қазақстанды құру және «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру екенін айтты.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, олардың қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трамп жеңілісінен кейін АҚШ саясаты қалай өзгереді?

 АҚШ-та өткен аралық сайлау Республикалық партия кандидаттарының ойсырай жеңілуімен аяқталды. Демократиялық партия Сенат пен Өкілдер палатасының екеуінде де басымдыққа ие болды. Штат губернаторларын сайлау нәтижелері әзірге толық шығарылған жоқ. Дегенмен бұл сайлауда да демократтардың айтарлықтай басымдыққа қол жеткізетініне күмән жоқ. Енді Трамптың саяси қарсыластары оның ішкі және сыртқы саясаттағы бастамаларына заңнамалық деңгейде тосқауыл қоюға толық мүмкіндік алды. Республикашылардың жеңіліске ұшырауының себебі айқын: президенттік мерзімінің алғашқы екі жылында Трамп сайлаушылардың үмітін жүйелі түрде ақтамады. Ол 2024 жылғы президент сайлауына нақты міндеттерді жүзеге асыруға уәде беріп қатысқан еді. Атап айтқанда:

Қазақстан мұнай өндірісінің көлемін көбейтуді жоспарлап отыр

Қазақстан 2027 жылы мұнай өндіру көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. «Әзірге (2026 жылы – ҚазТАГ) жоспарға сай жұмыс істеп жатырмыз. Биыл 96 млн тонна мұнай өндіру көзделген. Келесі жылдың көрсеткішін қазір нақтылап жатырмыз.

Каспийдегі әскери қызметшілердің өлімі: Бас прокуратура тергеу барысын жариялады

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты ІІМ-нің әскери-тергеу органдары қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр.

Жекпе-жек чемпионы Ұлттық ұланның арнайы жасағына қабылданды

Бүркіт» арнайы жасағына тұңғыш рет әйел әскери қызметші қабылданды. «Китана» лақап атымен танылған Қымбат бұған дейін халықаралық жарыстарда Қазақстан намысын қорғап келсе, енді еліміздегі ең таңдаулы арнайы жасақтардың бірінің жауынгері атанды.