Евразия24ЖаңалықтарТоқаев: Қазақстандықтар референдумда жаңа Конституцияға дауыс береді

Тоқаев: Қазақстандықтар референдумда жаңа Конституцияға дауыс береді

|

|

АСТАНА. 28 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанда бір палаталы парламент құру мәселесі бойынша өтетін алдағы референдумда азаматтар шын мәнінде жаңа Конституцияға дауыс береді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні ауыл әкімдерінің форумында мәлім етті.

«Жалпы алғанда, Негізгі заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар саны өте көп болуы мүмкін. Сондықтан бұл референдумда халық шын мәнінде жаңа Конституцияға дауыс береді деуге болады», – деді Президент.

Мемлекет басшысы алдағы парламенттік реформа аясында түрлі ұсыныстар түсіп жатқанын атап өтті.

«Барлық осы мәселелер арнайы жұмыс тобының аясында жан-жақты зерттеледі. Сонымен қатар, реформаларға қатысты басқа да көптеген ұсыныстар бар. Олар мұқият пысықталып, кейін жария етіледі. Менің де бұл маңызды мәселеге қатысты бірқатар ұсыныстарым бар», – деді Тоқаев.

Атап айтқанда, ол парламентте жаңа комитеттер құру мүмкіндігін қарастыру қажеттігін айтты.

Бұған дейін хабарланғандай, биыл 8 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев екі палаталы парламенттің орнына бір палаталы парламент құру мүмкіндігін зерделеуді және бұл мәселені 2027 жылы референдумға шығарып, Конституцияға өзгерістер енгізуді ұсынған болатын.

Қазан айының басында Президент парламенттік реформалар жөніндегі жұмыс тобын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Оның құрамына Мәжіліс пен Сенат депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, саяси партиялар фракцияларының жетекшілері, ғылыми-зерттеу институттарының ғалым-заңгерлері, сарапшылар мен Ұлттық құрылтай мүшелері енген.

Қазақстанның қазіргі Парламенті 1995 жылдан бері Сенат және Мәжіліс атты екі палатадан тұрады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.