Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда әкімшілік әділет саласына қатысты заңнамалық түзетулер қабылданды

Қазақстанда әкімшілік әділет саласына қатысты заңнамалық түзетулер қабылданды

|

|

Астана. 4 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламенті Сенаты бейсенбі күнгі жалпы отырыста Мәжіліс мақұлдаған «Әкімшілік әділет, нормашығармашылық және заң көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қабылдады.

Осылайша, заң Парламент тарапынан толық қабылданып, Мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Сенаттың конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің қорытындысына сәйкес, заң жобасының негізгі мақсаты – Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ӘРПК) нормаларын жетілдіру, Азаматтық процестік кодекстің (АПК) жекелеген санаттарын әкімшілік әділет саласына көшіру, сондай-ақ адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары және сот сарапшыларының кәсіби қызметін құқықтық реттеу.

Заңда Үкіметке мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы дауларды шешу бойынша өкілеттік беріліп отыр. Мұндай даулар енді ӘРПК нормаларына сәйкес, сотқа дейінгі тәртіппен және Үкімет регламенті аясында қаралады. Бұл тәсіл сот жүктемесін азайтуға, мемлекеттік аппарат арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге және мемлекеттік органдардың ведомстволық бақылауын оңтайландыруға бағытталған.

Мысалы, егер бір мемлекеттік орган басқа органның шешімімен келіспесе, ол жоғары тұрған органға әкімшілік шағым түсіре алады. Ал егер ол шешіммен де келіспесе, онда Үкімет аппаратына жүгінуге құқылы болады.

Сонымен қатар, әкімшілік рәсімдердің тәртібін жетілдіруге қатысты бірқатар өзгерістер мен толықтырулар қарастырылған. ӘРПК-ге енгізілген өзгеріске сәйкес, әкімшілік орган немесе лауазымды тұлға бұрын қаралған және оның негізінде әкімшілік рәсім аяқталған бірдей мазмұндағы өтініштер бойынша жауап берместен қайтаруға құқылы. Сондай-ақ, әкімшілік органға, оның қызметкерлеріне немесе лауазымды тұлғаларға тіл тигізетін сөздер бар өтініштер де тіркеуден кейін кері қайтарылады.

Адвокаттардың кәсіби стандарттарын арттыру, олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету және құқық үстемдігі қағидаттарына сай процессуалдық құқықтарын қорғау мақсатында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңға түзетулер енгізіледі. Атап айтқанда, адвокаттық қызмет лицензиясынан айыру тәртібі нақтыланып, әділет органдары мен адвокаттар алқаларының өкілеттіктері арасындағы қайталанушылық жойылады.

Бұл өзгерістер адвокатураның кәсіби дербестігі мен мемлекеттік бақылау арасындағы теңгерімді сақтауға, адвокаттарды мемлекеттік құпияға қатысу рұқсатымен қамтамасыз етудегі тәртіпті басқа сот процесіне қатысушылармен біріздендіруге және әділет органдарының әкімшілік жүктемесін азайтуға бағытталған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ-тың көздегені тек Иран ба?

 Таяу Шығыстағы жағдайдың қайта шиеленісуіне Йемендегі қақтығыс тараптары арасындағы әскери іс-қимылдардың күшеюі себеп болып отыр. Әсіресе Сауд Арабиясының отын инфрақұрылымына жасалған соққылардың салдары ауыр. Алайда тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман АҚШ президенті Дональд Трамптан әскери қолдау сұрағанда, Вашингтон бұл өтінішті қабылдамады. Иранмен қақтығыста жеңіліске ұшыраған АҚШ пен Израиль енді Таяу Шығыстағы ірі ойыншыларды бір-біріне қарсы қойып, өңірлік қақтығыс туғызуға тырысып отыр. Бір жағында – Иран, екінші жағында – Парсы шығанағындағы араб монархиялары. Бұған қоса, жақында жасалған әскери келісімге байланысты Түркия мен Пәкістан да соғысқа араласады деген үміт бар.

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.