Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Президенті Чехия мен Нидерландтағы елшілерді ауыстырды

Қазақстан Президенті Чехия мен Нидерландтағы елшілерді ауыстырды

|

|

Астана. 9 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдердегі дипломатиялық корпусқа қатысты бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттің жарлығымен Бақыт Дүйсенбаев Чехия Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды. Аталған лауазымға осыған дейін Нидерланд Корольдігіндегі Қазақстанның елшісі әрі Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарған Қайрат Әбдірахманов тағайындалды.

Қазақстанның Нидерландтағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі қызметін қоса атқаратын тұлға болып Ақан Рахметуллин белгіленді.

Сонымен қатар Бельгиядағы Қазақстан елшісі, Қазақстанның Еуропалық одақ пен Солтүстік Атлантикалық шарт ұйымы (НАТО) жанындағы өкілдігінің басшысы Роман Василенко Люксембургтегі Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқаратын болды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.