Евразия24Еуразия патриоттарыКҚК шектеуіне жауап: экспорт қайта бағдарланды

КҚК шектеуіне жауап: экспорт қайта бағдарланды

|

|

Brief Мир басылымы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасай отырып  хабарлайды: Қазақстан мұнайының сыртқы нарықтарға жеткізілуі уақытша шектеулерге тап болуы мүмкін. Бұған Қара теңіздегі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалында шварттық құрылғылардың бірінің жоспарлы жөндеуден өтуі және екіншісінің дрон шабуылы салдарынан істен шығуы себеп болып отыр. Қазіргі уақытта үш айлақ жабдығының тек біреуі ғана жұмыс істеп тұр. Толық экспорт көлемін қамтамасыз ету үшін терминалда кемінде екі шварттық құрылғының бір мезгілде жұмыс істеуі қажет. Осы шектеулердің салдарынан қоймаларда мұнай қоры жинала бастаған. Егер жағдай өзгермесе, сақтау қуаттылықтары толып, Қазақстан мұнай өндіру көлемін қысқартуға мәжбүр болуы мүмкін.

 

Евразия24 пікірі:

Сарапшылардың айтуынша, қазіргі жағдайда «ҚазТрансОйл» АҚ экспорттық мұнай тасымалын жедел түрде балама бағыттарға қайта бағдарлаған. «Қазақстанның мұнай және газы» басылымының хабарлауынша, компания таратқан ресми мәлімдемеде: «Халықаралық серіктестер мен жөнелтуші тараптармен келіссөздер уақтылы ұйымдастырылғанының арқасында Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жүйесі арқылы өтетін халықаралық мұнай ағындарын Самара бағытына, Баку – Тбилиси – Жейхан (БТД) бағытына, сондай-ақ Қытай нарығына қайта бағыттау мүмкіндігі келісілді», – делінген. Аталған мәліметке сәйкес, бастапқы жоспармен салыстырғанда Қазақстанда 2025 жылғы желтоқсан айында экспорт көлемі нақты өсім көрсетіп отыр: Атырау – Самара бағыты бойынша – 232 мың тоннаға, Қытайға – 72 мың тоннаға, Ақтау порты арқылы (БТД бағытына) – 58 мың тоннаға артқан. Сонымен қатар, желтоқсан айында «ҚазТрансОйл» мұнай өндіруші компанияларға мұнайды уақытша сақтауға арналған резервуарлық паркін ұсынатынын хабарлады. Бұл шара жөнелту кестелерінің икемділігін қамтамасыз етуге, тасмымалдау процессін оңтайландыруға және магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы тасымалды үздіксіз жүргізуге мүмкіндік береді. Осылайша, шварттық құрылғыны қалпына келтіру жұмыстарының шамамен 15 желтоқсанда аяқталуы күтіліп отырған жағдайда, Қазақстан тарапы жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, жоспарлы жұмыстардың аяқталуын аса қажеттіліксіз шұғыл шараларға жүгінбей-ақ күтуге мүмкіндігі бар.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда мәдениет саласы бойынша екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын мемлекеттік наградалар қатарына енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Лула да Силва мен Болсонару Бразилиядағы сайлау науқанын бастады

Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва жексенбі күні өзінің сайлау науқаны басталғанын жариялады, деп хабарлайды ЭФЭ агенттігі.

Бельгиядағы қорық аумағында орман өрті 3 мың гектар жерді шарпыды

Өткен жұмада Бельгияның Арденна өңіріндегі Жоғарғы Фенн қорығында басталған орман өрті жексенбіге қарай 3 мың гектарға жуық таулы орман алқабын шарпыды, деп RTBF телеарнасы хабарлайды.

CENTCOM басшысы Таяу Шығыста бірқатар елдің басшыларымен келіссөздер өткізді

АҚШ Қарулы күштері Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) басшысы Брэд Купер Таяу Шығыс елдеріне жасаған 10 күндік сапарын аяқтады. Сапар барысында ол өңір басшыларымен кездесіп, Таяу Шығыста орналасқан америкалық әскери қызметшілермен жүздесті, деп хабарлады қолбасшылық.