Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) сейсенбі күні Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысатын «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кандидаттар тізімін тіркеді.
Қазақстан 2028 жылы Qarmet базасында автокөлік өндірушілерінің талаптарына сай автомобильдік болат табағын шығаруды, ал 2029 жылы автокөлік шанағы бөлшектерінің сериялық өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Allur компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев Үкімет отырысында мәлімдеді.
Футболдан Аргентина ұлттық құрамасының ойыншылары әлем чемпионатының финалында Испаниядан жеңілгеннен кейін елге оралған соң қандай да бір мерекелік іс-шара өткізуден бас тартты.
Astana Motors компаниясы 2026 жылдың қараша айынан бастап Astana брендімен дизельді және газбен жүретін автобустардың өндірісін бастайды. Ал 2027 жылдан бастап қытайлық BYD компаниясымен бірлесіп электробустар шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Astana Group компаниялар тобының төрағасы Нұрлан Смағұлов Үкімет отырысында мәлімдеді.
Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Қаржы министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне шілде айының соңына дейін автокөліктерді заңсыз әкелудің алдын алуға бағытталған кешенді шаралар әзірлеуді тапсырды. Бұл талаптар 1 қыркүйектен бастап күшіне енуі тиіс.
Судан Қарулы күштерінің қолбасшылығы Эфиопиядағы қарулы оппозициялық топтарға қолдау көрсетіп отыр деген айыптауды негізсіз деп мәлімдеді, деп хабарлайды дүйсенбі күні «Анадолу» агенттігі.
Тегеран атом энергетикасына қатысты мәселелерде АҚШ-қа жол беруге дайын емес және бітім жөніндегі келіссөзді қайта бастау үшін өзінің ядролық бағдарламасын талқылауды жоспарлап отырған жоқ.
Қыркүйек аяқталып келеді. Қазан айынан бастап Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде жылыту маусымы басталады. Айдың ортасы мен соңына қарай үлкенді-кішілі қалалардағы жылу электр орталықтары, қазандықтар мен жылу желілері түгел қысқы жұмыс тәртібіне көшуі тиіс.
Өткен жылыту маусымы, тіл-көзден сақтасын, ірі апатсыз өтті. Биыл жағдай қалай болмақ? Қыстың қақаған аязында жылусыз қалдыратын ірі апаттар мен ұзақ үзілістер болмайды деп үміттенеміз. Оның үстіне электр энергетикасы мен коммуналдық секторларды жаңғыртуға арналған МЭКС ұлттық жобасы іске қосылып, жұмыс біртіндеп қарқын алып келеді. Бірақ әзірге атқарылған істің көлемі қажетті меженің төрттен біріне де жетпейді.
2025–2029 жылдары жобаға бюджеттен тыс 13,6 трлн теңге, яғни жеке инвестиция тартылуы тиіс. Оның басым бөлігі шетелдік капитал есебінен келеді деп жоспарланған. Бұған қоса, жеке инвесторлар тартатын қарыздардың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға бюджеттен тағы 1,5 трлн теңге қарастырылған.