Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда 2028 жылға қарай автомобильдік болат өндірісі жолға қойылмақ

Қазақстанда 2028 жылға қарай автомобильдік болат өндірісі жолға қойылмақ

|

|

Астана. 21 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан 2028 жылы Qarmet базасында автокөлік өндірушілерінің талаптарына сай автомобильдік болат табағын шығаруды, ал 2029 жылы автокөлік шанағы бөлшектерінің сериялық өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Allur компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев Үкімет отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, отандық автомобиль өнеркәсібі үшін басым бағыттардың бірі – қазақстандық болатты пайдалана отырып, жеңіл автокөліктерге арналған толық циклді штамптау өндірісін игеру.

«Қазір Qarmet, Allur, Kia Qazaqstan және өзге де өндірушілермен бірлескен салааралық жобаны пысықтап жатырмыз. Бұл жоба металлургия мен автомобиль жасауды бір өндірістік тізбекке біріктіреді. Мұндай тәжірибе Саран қаласындағы автобус өндірісінде бар, онда Qarmet компаниясының болаты пайдаланылып келеді», – деді Лаврентьев.

Оның мәліметінше, 2028 жылы Qarmet жеңіл автокөлік өндірушілерінің техникалық талаптарына сәйкес келетін автомобильдік болат табағын шығаруды бастайды. Ал 2029 жылы осы материал негізінде автокөлік шанағы бөлшектерін сериялық өндіру көзделіп отыр.

Жобаның өндірістік қуаты жылына кемінде 100 мың автокөлік шанағын шығаруға мүмкіндік береді. Бұл ретте пайдаланылатын болаттағы қазақстандық өнімнің үлесі кемінде 75 пайыз болады.

Лаврентьевтің айтуынша, бұл жоба металлургия саласында жоғары қайта өңделген өнімге ұзақ мерзімді өнеркәсіптік сұраныс қалыптастырып, оның ішінде экспорттық әлеуетті де арттырады. Ал автомобиль жасау саласы үшін шанақ бөлшектерінің импорттық жеткізіліміне тәуелділікті азайтып, ел ішіндегі қосылған құн көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов бұл жобаның сала үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті.

«Шынын айтқанда, осындай мүмкіндіктеріміз бола тұра, ондаған жыл бойы елімізде автомобильдік болат өндірісін жолға қоймағанымыз таңғалдырады. Сондықтан біз бұл жобаны, сондай-ақ Qarmet компаниясын ауқымды жаңғырту бағдарламасын толық қолдаймыз. Бұл жерде металлургия мен автомобиль жасау салаларының тиімді ықпалдастығы қалыптасып отыр», – деді Үкімет басшысы.

Qarmet (бұрынғы ArcelorMittal Temirtau) – Қазақстандағы ең ірі Қарағанды металлургия комбинатына (Теміртау, Қарағанды облысы) иелік ететін біріктірілген металлургиялық және тау-кен компаниясы. 2023 жылы ArcelorMittal Temirtau компаниясын қазақстандық Allur автоконцернінің тең иесі Андрей Лаврентьев 286 млн АҚШ долларына сатып алып, кейін компанияның атауы Qarmet болып өзгертілді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ҰҚК 45 млрд теңгенің мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) құны 45 млрд теңге болатын 160 мың тоннадан астам мұнай өнімін шетелге заңсыз шығарған ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты. Бұл туралы сәрсенбі күні ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Күннің ерте суытуы Еуроодақтағы жерасты газ қоймаларын толтыруды тежеді

Еуропада ауа райының әдеттегіден ерте суытуына байланысты жылу өндіруге жұмсалатын газ көлемі артты. Соның салдарынан алдағы қысқа дайындық үшін жерасты қоймаларына айдалуға тиіс газдың едәуір бөлігі қазірдің өзінде тұтынылып жатыр. Ауа райының соңғы болжамына сәйкес, осы аптада орташа температура климаттық нормадан 2 градус Цельсийге төмен болады.

Технологиялық компаниялар акцияларының қымбаттауы Жапония мен Оңтүстік Корея қор нарықтарына серпін берді

Сәрсенбі күні Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қор индекстері әртүрлі бағытта өзгеріп жатыр.

Маск SpaceX пен Tesla компанияларын біріктіруді тиімді шешім деп санайды

SpaceX пен Tesla (SPB: TSLA) компанияларын біріктіру көптеген артықшылық әкелуі мүмкін. Бұл туралы екі компанияның да бас атқарушы директоры Илон Маск SpaceX-тің тоқсандық қаржылық нәтижелеріне арналған конференцияда мәлімдеді.