Евразия24ЖаңалықтарAstana Motors 2026 жылдың қарашасынан бастап Astana брендімен автобустар шығарады

Astana Motors 2026 жылдың қарашасынан бастап Astana брендімен автобустар шығарады

|

|

Астана. 21 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Astana Motors компаниясы 2026 жылдың қараша айынан бастап Astana брендімен дизельді және газбен жүретін автобустардың өндірісін бастайды. Ал 2027 жылдан бастап қытайлық BYD компаниясымен бірлесіп электробустар шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Astana Group компаниялар тобының төрағасы Нұрлан Смағұлов Үкімет отырысында мәлімдеді.

«Дизельді және газбен жүретін автобустардың өндірісін биылғы қараша айында бастаймыз. Электрлі автобустар BYD компаниясымен әріптестік аясында әзірленді және Blade аккумуляторларымен жабдықталады. Электробустар өндірісін 2027 жылдың наурыз айында іске қосу жоспарланып отыр», – деді Смағұлов.

Оның айтуынша, автобустар қытайлық технологиялық серіктестердің қатысуымен әзірленіп, әлемдік жетекші өндірушілердің құрамдас бөлшектері пайдаланылады.

«Автобустардың дизайнын әзірлеуге қазақстандық инженерлеріміз де тікелей қатысты. Өндіріс Қазақстан аумағындағы өз зауытымызда жүзеге асырылады. Бұл – бірегей бренд. Зияткерлік меншікке қатысты барлық құқық біздің компанияға тиесілі болады», – деді ол.

Astana Motors – Astana Group холдингінің құрамына кіретін қазақстандық автомобиль өндіруші компания. Оның өндірістік құрылымына Hyundai Trans Almaty коммерциялық техника зауыты, Hyundai Trans Kazakhstan жеңіл автокөлік зауыты, автокомпоненттер технопаркі (автокөлік орындықтары мен мультимедиялық жүйелер өндірісі), сондай-ақ Алматы қаласында орналасқан Astana Motors Manufacturing Kazakhstan толық циклді зауыты кіреді. Бұл кәсіпорында Chery, Changan, сондай-ақ Great Wall Motor компаниясының Haval және Tank маркалы автокөліктері шығарылады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап автокөліктерді заңсыз әкелуге қарсы талап күшейтіледі

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Қаржы министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне шілде айының соңына дейін автокөліктерді заңсыз әкелудің алдын алуға бағытталған кешенді шаралар әзірлеуді тапсырды. Бұл талаптар 1 қыркүйектен бастап күшіне енуі тиіс.

Қауіпсіздігі сын көтермейтін демалыс орындары

Көпшіліктің сүйікті демалыс орындарының бірі – Алакөлде екі күннің ішінде адам шошырлық екі оқиға болды. 16 шілдеде шағын жүзу құралы 69 жастағы әйелді қағып кетіп, салдарынан ол екі аяғынан айырылды. Ал 17 шілдеде көлде екі гидроцикл соқтығысып, бір адам қаза тапса, тағы бір адам ауыр жарақат алды.

Ескі көліктерге қандай шектеу қойылмақ?

Алматыға ескі автокөліктердің кіруін шектеу туралы бастама жаңалық емес. Бұл мәселе кемінде соңғы он бес жыл бойы арагідік көтеріліп келеді. Алайда әр жолы азаматтардың еркін жүріп-тұру құқығы мен кемсітуге жол бермеу қағидаттарына байланысты құқықтық мәселелер алдан шығып отыр.

«Ең жауапсыз жұмыс беруші» атағы кімге бұйырды?

Білім беру саласында нақты жалақы 6,7 пайызға, ал денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында 4,2 пайызға төмендесе, ең алдымен жауапкершілік мемлекетке жүктеледі.