Құрылтай сайлауы жақындаған тұста: «Бәсекеге түсетін партиялар өздерінің сайлауалды бағдарламаларында сайлаушыларды тартатындай не ұсына алады?» деген мәселенің өзектілігі арта түсуде.
Бұл ретте қандай да бір әлеуметтік сауалнама жүргізудің де қажеті жоқ. Өйткені Қазақстанның барлық азаматтары бірігіп дауыс беретін, еліміз үшін ең маңызды міндетті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдына қойып үлгерді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бұл міндетті биыл емес, өткен жылдың басында-ақ белгілеп берген болатын: «Үкіметтің басты миссиясы — экономикалық өсімді халықтың табысын арттырумен және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартумен ұштастыру».
Алайда, Үкімет кері нәтиже көрсетті: 2025 жылы жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 6,5%-ға өсуі аясында халықтың нақты табысы 2,7%-ға төмендеді, бұл мәселе бұған дейінгі материалда қарастырылған болатын.
Құжат мазмұнына қарағанда, азаматтар мен бизнестің қаржылық деректеріне мемлекеттік бақылауды цифрлық деңгейде күшейту көзделгендей әсер қалдырады. Бұл ретте ең алдымен туындайтын сұрақ – мұндай тәртіп салық және банк құпиясына қатысты талаптарды бұзбай ма?
Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығының түрлі экономикалық өзгерістерге қаншалықты сезімтал екені туралы пікірлердің өз орны бар. Алайда, біздіңше, негізгі мәселе тұрғын үйдің қолжетімділігі ең алдымен қаржы ресурстарының құнымен тікелей байланысты екендігінде.
Алматыда 13 жасар бала өзара келіспеушілік салдарынан құрдасын пышақтап өлтірді . Жасөспірімнің туындаған жанжалды шешудің бұдан өзге жолын таппауы елдегі балалар тәрбиесі мен психологиялық қолдау жүйесіндегі күрделі мәселелерді айқын көрсетеді.
Астанада жақында ғана тіркелген «Әділет» партиясының екінші съезі басталды. Оның барысында делегаттар партияның Аманат партиясымен бірігу мәселесін қарайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Пәкістан, Сауд Арабиясы және Түркия кіретін Мекке қорғаныс келісімінің Стратегиялық саяси және қорғаныс комитеті жақын арада Эр-Риядта өңірдегі ахуалды талқылау үшін отырыс өткізеді. Бұл туралы Пәкістан премьер-министрінің орынбасары әрі сыртқы істер министрі Исхақ Дар мәлімдеді.
Париж АҚШ-тың осыған ұқсас үндеуінен кейін Еуропалық одақ елдеріне стратегиялық резервтен 50 млн баррель дизель отыны мен 50 млн баррель мұнай шығаруды ұсынды, деп хабарлайды Politico дереккөздерге сүйеніп.
Еуропалық комиссия (ЕК) жұма күні Украинаның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және реформаларды жүзеге асыруға қолдау көрсету үшін Ukraine Facility бағдарламасы аясында 2,9 млрд еуро бөлетінін хабарлады.
Хуситтер Йеменнің оңтүстік-батысындағы стратегиялық маңызы бар Таиз қаласына қарай ілгерілеуге әрекет жасап жатыр. Оларға Йемен үкіметін қолдайтын күштер қарсылық көрсетуде, деп хабарлайды жұма күні The National.