Financial Times (FT) басылымының бейсенбі күнгі дерегінше, АҚШ билігі Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігіне қарсы санкциялар енгізуді уақытша кейінге қалдырды.
Польша G20 елдерінің қатарына қосылып, келесі жылы желтоқсанда Майамиде өтетін “Үлкен жиырмалық” саммитіне қатысады. Бұл жөнінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдеді.
Қазақстан Парламентінің Сенаты бейсенбі күнгі жалпы отырыста «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске көмірсутектер мен уран саласындағы жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.
Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады. Президент әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының жүзеге асырылу барысы жөніндегі баяндаманы тыңдады.
Тәжікстан Ауғанстанмен шекарада бірлескен күзет жүргізу үшін ҰҚШҰ мен Ресей әскерін тарту мүмкіндігін талқылап жатыр. 2023 жылдың қараша айының соңында болған атыстардан кейін Тәжікстан Ауғанстанмен шекарадағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында ҰҚШҰ және Ресеймен бірлескен патрульдеу мәселесін қарастырған.
Есірткі айналымына қатысты халықаралық шешімдерге дер кезінде жауап беру – ЕАЭО елдері аумағында мұндай заттардың өндірісін де, таралуын да алдын алудың тиімді жолы болып саналады.
Әлемдік тәжірибеде халықты қорғау үшін жертөлелер, іргелес қабаттар, жерасты өткелдері мен метро сияқты тереңдетілген нысандар кеңінен қолданылады. Қазақстанда да мұндай кеңістіктер азаматтық қорғанысқа арналған қорғаныс құрылыстары ретінде бейімделуі мүмкін.
АҚШ әскери-теңіз күштеріне тиесілі MQ-4C Triton алыс қашықтықтағы радиоэлектрондық барлау ұшқышсыз аппараты сейсенбі күні Парсы шығанағы аумағында Иран жағалауына жақын маңда ұзақ уақыт ұшу миссиясын орындады.
Banpu тай энергетикалық компаниясы АҚШ-тағы қатысуын кеңейту үшін кемінде $1,5 млрд инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұл шешім деректерді өңдеу орталықтары тарапынан электр энергиясына сұраныстың артуымен байланысты.