Қытай Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіспеушіліктерді реттеу барысында келісімдердің орындалуына кепіл болатын тарап рөлін атқара алады. Бұл туралы Иранның Халықаралық қатынастар жөніндегі стратегиялық кеңесінің хатшысы Дехкани Фирузабади ИСНА агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еуразиялық экономикалық форумда еңбек нарығын басқаруға арналған жасанды интеллект технологияларын таныстырды. Мұндай жобалар қағаз жүзінде өте ауқымды көрінгенімен, қарапайым азаматтар жұмыс іздеуге келгенде мүлдем басқа жағдайға тап болады.
Халық дәріханаға дүкенге барғандай ағылып, нұсқаулығына да қарамастан дәрі-дәрмекті бақылаусыз қабылдауда. Алайда, дәрігердің қабылдауына жазылу мүмкіндігі болса, халық бұлай өз бетінше емес, маманның бақылауымен емделер еді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин бейсенбі күні Астанада «Сириус» мектебінің құрылысын бастау рәсіміне қатысты. Бұл туралы республика президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
SpaceX компаниясының Crew-12 экипажы мінген көп мәрте пайдаланылатын Crew Dragon ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) 7 қазаннан ерте ұшып кетпейді, деп хабарлады NASA.
Ақ үй жасанды интеллектіге (ЖИ) байланысты тәуекелдерді талдап, оның мүмкіндіктерін бағалайтын, сондай-ақ бұл технологияны реттеудегі федералдық үкіметтің рөліне қатысты ұсыныстар әзірлейтін жұмыс тобын құрды, деп хабарлайды The Wall Street Journal.
АҚШ Иранмен қақтығысты негізсіз созуға ниетті емес. Бұл туралы АҚШ соғыс министрі Пит Хегсет Колорадо-Спрингс қаласының әуежайында журналистерге мәлімдеді.
Сеул жеткізген FA-50 Golden Eagle жойғыш ұшақтары Польшаның шығыс шекарасын күзетуге тартылды. Бұл туралы Польша премьер-министрінің орынбасары, Қорғаныс министрі Владислав Косиняк-Камыш мәлімдеді.