Өзіне өзі емші

|

|

ҚР Парламенті Мәжілісі депутат Гүлдара Нұрымның Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жолдаған депутаттық сауалын жариялады. «…Бүгінде әлеуметтік желілердің басым бөлігі емдеу, тексеру және медициналық көмектің өзге де түрлерін көпшілік талқысына салатын алаңға айналды. Авторлардың «сарапшылық пікір» ретінде ұсынатын мұндай белсенділігі ресми медицина жүйесінің беделіне нұқсан келтіріп, халық арасында сенімсіздік ұялатуда. Бұл үрдіс өз бетінше емделу көрсеткішінің артуына әкеп соқтырды. Бейінді агенттіктердің деректеріне сүйенсек, азаматтардың 42%-ға жуығы дәрігерге қаралмастан, өмірінде кем дегенде бір рет әлеуметтік желідегі кеңестерге сүйеніп емделген, өз бетінше диагноз қойып, дәрі-дәрмек тағайындаған», — деді депутат. «Медицина саласының біртіндеп қызмет көрсету нарығына айналып бара жатқанын ерекше атап өткім келеді. Ең қауіптісі — кәсіби этика мен деонтология құндылықтарының жоғалу процесі жүріп жатыр. Мамандардың көпшілік алдында әріптестерін сынауы, өзгенің еңбегін құнсыздандыруы және өз қызметін өткізу үшін пациенттерді түрлі асқынулармен қорқытуы әдетке айналды. Бұл медицина қауымдастығына деген жалпы сенімді түп-тамырымен жояды».

Еуразия24 пікірі:

Жасыратыны жоқ, бүгінде қазақстандық қоғамның басты дертіне айналған тек дәрі-дәрмекпен өз бетінше емделу ғана емес, сонымен бірге бақсы-балгерлік пен емшіліктің етек алуы болып отыр. Өздерін «ұлы шипагер» санайтын емшісымақтар үлкен ақша үшін адамдарды қайталанбас зардаптарға ұрындырғанша емдеуін тоқтатар емес. Депутаттың пікірі өте орынды — халық дәріханаға дүкенге барғандай ағылып, нұсқаулығына да қарамастан дәрі-дәрмекті бақылаусыз қабылдауда. Алайда, дәрігердің қабылдауына жазылу мүмкіндігі болса, халық бұлай өз бетінше емес, маманның бақылауымен емделер еді. Міне, дәл осы тұста өз бетінше емделу тақырыбынан медициналық қызметтің қолжетімділігі мәселесіне ойысамыз. Ешкім емханаға еріккеннен бармайды. Ал адам дәрігер көмегіне зәру болып тұрған сәтте қабылдау кестесінен бос орын табылмаса, қалтасы көтеретіндер ақылы емхана іздейді, ал қалғандары интернетке кіріп: «…ауырғанда не істеу керек?» деп іздеу салуға мәжбүр болады. Бұл дәстүрлі медицинаға сенбеушіліктен емес, қажет кезде дәрігер кеңесін алу мүмкіндігінің жоқтығынан туындап отыр. Ал денсаулық сақтау жүйесі, біздің субъективті пайымдауымызша, бұл міндетті өте нашар атқаруда.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақ қоғамында ажырасу неге көбейді?

«Үйлену оңай, үй болу қиын» деген сөздің мәні бүгін бұрынғыдан да терең сезіледі. Соңғы жылдары Қазақстанда ажырасу қоғамдық мәселе ретінде жиі айтылып жүр. Бұл тек екі адамның жеке таңдауы емес, баланың тағдырына, демографияға, әлеуметтік тұрақтылыққа әсер ететін мәселе.Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылы Қазақстанда 115,9 мың неке тіркеліп, 45,7 мың ажырасу рәсімделген. 2024 жылы 123,6 мың неке және 40,5 мың ажырасу болған. Бір жылда тіркелген ажырасулар саны шамамен 5,2 мыңға өскен. Ең назар аударарлығы – ажырасулардың 35 пайызы некенің алғашқы 1-4 жылында болған. Тағы 24 пайызы 5-9 жыл бірге тұрған отбасыларға тиесілі. Бұл «неге жас отбасылардың шаңырағы шайқалады?» деген сұрақты алға шығарады.

Қазақстанда Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты жеке мемлекеттік орган болып құрылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Исландияда ЕО-ға кіру жөніндегі келіссөздерді қайта бастау мәселесі бойынша референдум өтіп жатыр

Исландияда сенбі күні Еуропалық одаққа кіру жөніндегі келіссөздерді қайта бастау мәселесі бойынша референдум басталды.

Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 626 адамға жетті, 2,4 мың адам із-түзсіз жоғалған

Непалдағы жойқын су тасқынынан қаза тапқандар саны 626 адамға жетті, тағы 2,4 мың адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Бұл туралы сенбі күні Ресейдің Непалдағы елшілігі хабарлады.