Бейсенбі күні таңертең АҚШ долларының негізгі әлемдік валюталарға шаққандағы бағамында елеулі өзгеріс байқалмады. Нарық қатысушылары Еуропа орталық банкінің (ЕОБ) қыркүйектегі отырысының қорытындысын күтіп отыр.
Қазақстан Құрылтайының депутаттары бейсенбі күнгі отырыста жаңа парламенттің жұмыс тәртібін айқындайтын регламентті бекітті. Құжатта Құрылтай қызметін ұйымдастыру, отырыстар өткізу және заң шығару үдерісінің тәртібі белгіленген.
Денсаулық сақтау министрлігі балаларға арналған фастфуд пен қант мөлшері жоғары сусындар жарнамасын шектеуге бағытталған заңнамалық өзгерістер әзірледі.
Еуропалық одақ АҚШ-тың дизель отынын, соның ішінде ЕО елдеріне экспорттауға тыйым салуы мүмкін деген ақпаратқа алаңдап отыр. Еурокомиссияның ресми өкілі Олоф Жилл ЕО мен АҚШ арасындағы энергетикалық ынтымақтастық тұрақты әрі екі тарапқа да тиімді екенін мәлімдеді.
Бейсенбі күнгі сауда қорытындысында Қытай мен Австралияның қор нарықтары төмендеді. Ал мерекеге байланысты екі күндік үзілістен кейін сауда қайта басталған Жапония нарығы өсім көрсетті.
Қазақстанда этномәдени ұйымдардың қызметіне қолдау көрсетіле береді, ал Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) қалыптастырған тәжірибесі Халық кеңесінің жұмысында пайдаланылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.