Евразия24Таңдаулы жаңалықтарДенсаулық сақтау министрлігі фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

Денсаулық сақтау министрлігі фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

|

|

ҚазТАГ-тың хабарлауынша, Денсаулық сақтау министрлігі балаларға арналған фастфуд пен қант мөлшері жоғары сусындар жарнамасын шектеуге бағытталған заңнамалық өзгерістер әзірледі. Министрлік мамандарының айтуынша, азық-түлік жарнамасы балалар мен жасөспірімдерге айрықша әсер етеді. Әсіресе көз тартатын қаптама, әлеуметтік желідегі жарнама, блогерлердің ұсынымдары мен басқа да маркетингтік тәсілдер олардың таңдауына ықпал етуі мүмкін. «Министрлік құрамында тұз, қант, қаныққан май мен трансмай мөлшері жоғары өнімдерді телеарналарда, радиода, әлеуметтік желілерде және сыртқы жарнама құралдарында жарнамалауға шектеу енгізу жөнінде ұсыныстар дайындады. Қазір бұл шаралардың ықпалын бағалау үшін реттеушілік әсерге талдау әзірленіп жатыр», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнар Сәрсембаева. Министрлік келтірген зерттеу деректеріне сәйкес, 6–9 жастағы балалардың 23%-ында артық салмақ бар, 6%-ына семіздік тән. Бұдан бөлек, жасөспірімдердің 17,5%-ы энергетикалық сусындарды апта сайын ішеді.

Еуразия24 пікірі:

Біздің ойымызша, Денсаулық сақтау министрлігінің бұл бастамасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тамыз конференциясында берген тапсырмасымен байланысты .

Балалар, әсіресе әлеуметтік желіде, жарнаманың ықпалына тез түседі. Осыны ескерсек, өнімнің өзіне тыйым салмай, ең алдымен балаларға арналған жарнаманы шектеу қисынды қадам.

Алайда мұндай шараның түпкі нәтижесі қандай болмақ деген сұрақ бар. Қазақстанда фастфуд, газды сусындар, тәттілер мен денсаулыққа зияны көп өзге де тағамдарды балаларға сатуға тыйым салынбаған. Темекі, алкоголь мен энергетикалық сусындарға қойылғандай жас шектеуі бұл өнімдерге қолданылмайды.

Сондықтан TikTok-та гамбургер жарнамасының көрсетілмеуі балалардың тамақтану дағдысын түбегейлі өзгертеді деу қиын. Өйткені фастфуд мектепке жақын дүкендер мен дәмханаларда бұрынғыдай еркін сатыла береді. Оның үстіне балалар үшін мұндай тағам мектеп асханасындағы бағасы қалтаға салмақ түсіретін тоқаштан әлдеқайда тартымды.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.