Қазақстандағы банктердің банкаралық QR төлем жүйесіне қосылуы биыл шілде айына дейін толық аяқталады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова мәлімдеді.
Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күні пленарлық отырыста «Ғылым мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда қарап, қабылдады.
Қазақстанда ұлттық рейтинг агенттігін құру жоспарланып отыр, оның акционерлерінің қатарында халықаралық рейтинг агенттіктерінің «үлкен үштігіне» кіретін ұйымдардың бірі болуы мүмкін.
Корея Еңбек партиясы Орталық комитетінің бөлім меңгерушісі әрі КХДР басшысы Ким Чен Ынның қарындасы Ким Ё Чжон Пхеньянның Оңтүстік Корея ұсынған гуманитарлық медициналық көмекті қабылдамайтынын тағы да мәлімдеді.
Эстонияда орналасқан британдық әскери контингент 250 шақырымнан астам қашықтыққа ұшатын Nyan ұшқышсыз жүйелерін қару-жарақ құрамына енгізді. Бұл одақтас күштердің алыс қашықтықтағы нысандарға соққы беру мүмкіндігін кеңейтеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Қытайда өндірілетін, мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау мен пайдалануға арналған жіксіз болат құбырларға қатысты демпингке қарсы шаралардың мерзімін тағы бес жылға ұзартты.
Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында мас күйінде көлік жүргізгені үшін сотталған азамат полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторынан қашуға әрекеттенді. Ол изолятордан шығып үлгергенімен, бостандықта ұзақ жүре алмады – сол күні-ақ ұсталды.