Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мен мен Франция президенті Эмманюэль Макрон Ормуз бұғазы арқылы өтетін теңіз қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ынтымақтастықты күшейтуге уағдаласты.
Сол баяғы «ескі» Қазақстанның жауапты тұлғалары заңды жазасын алды ма, жоқ па? «Жаңа Қазақстан» үшін логикалық тұзақтан құтылу мүмкін емес. Егер үкімет пара алу фактілері болғанын және шоттардың жалған екенін мойындаса, онда тиісті жазалау шаралары қайда?
АҚШ-қа баяғыда қоныс аударып, ол жаққа әбден сіңісіп кеткен бұрынғы отандасымыз Тимур Сейтмұратов өзінің парақшасында Америкадағы өмір мен ондағы барлық нәрсенің қандай тамаша жолға қойылғаны туралы үнемі көтеріңкі көңіл-күйдегі жазбалар жариялап тұрады.
ТМҰ біртіндеп бастапқы саяси алаң сипатынан нақты экономикалық мазмұнға ие, практикалық нәтижеге бағытталған құрылымға айналып келеді. Нақты бағыттарға — сауда, инвестиция, көлік, цифрландыру — басымдық берілуі түркі интеграциясының қолданбалы сипатын айқын көрсетеді. Орта дәлізді дамытуға ерекше назар аударылуы да заңды.
рталық Азияға жаңа су көздерін іздеуден гөрі су шаруашылығын жаңғырту қажет. Атап айтқанда, суару жүйелерін жаңарту, су үнемдеу технологияларын енгізу, сондай-ақ суды есепке алу мен бөлуді цифрландыру маңызды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2027–2030 жылдарға арналған ТМД-ның ірі индустриялық-технологиялық жобалар топтамасын қалыптастыруды ұсынды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
ТМД мемлекеттерінің басшылары Авазада өткен саммитте Достастықтың құрылғанына 35 жыл толуына орай бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Бұл туралы жұма күні Түрікменстан Мемлекеттік телерадио хабарларын тарату комитетінің жаңалықтар порталы хабарлады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Түрікменстандағы «Аваза» ұлттық кешеніне келді. Бұл туралы жұма күні Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.