АСТАНА. 29 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды.
Президентті дүйсенбі күні кешке Анкара халықаралық әуежайында...
Соңғы уақытта Қазақстанда ұлтаралық араздықты қоздыру фактілері жиілеп кеткен, әсіресе бұл үрдіс әлеуметтік желілерде айқын байқалады. Мұндай құқықбұзушылықтарға құқық қорғау органдары көбіне көз жұма қарайды. Азаматтардың қылмыстық іс қозғау туралы өтініштері ескерусіз қалып, кейбір жағдайларда күдіктілерді жауапкершіліктен әдейі қорғау әрекеттері байқалады. Тек қоғамда үлкен резонанс туындаған кезде ғана жекелеген адамдарға қатысты шаралар қолданылып жатады.
Бұл – Литвада тұратын ресейлік экономист Владимир Милов. 2002 жылы мамырдан қазан айына дейін Ресей Федерациясының Энергетика вице-министрі қызметін атқарған. Бұған дейін, 1990-жылдары, соның ішінде Владимир Путин алғаш рет премьер-министр болған кезеңде де үкімет құрылымдарында жұмыс істеген. Мемлекеттік қызметтен кейін оппозиция қатарына қосылып, 2016 жылдан бастап Алексей Навальныйдың серіктестерінің бірі болды.
Ұлттық қормен бірлесіп, олар айырбас бағамының шамадан тыс ауытқуын тежеуде шешуші рөл атқарады. Осы себепті алдағы уақытта айырбас бағамын тұрақты деңгейде ұстау қажеттігі туралы пікірлер қоғамдық алаңға қайта шығуы мүмкін. Бұл бастама әлеуметтік тұрақтылық факторы ретіндеұ сынылады. Алайда бағамды фиксациялау жүзеге асқан жағдайда, еңалдымен, нарық қолда бар резервтерді сарқып, кейіннен бағамның өзі де ұстап тұруға келмейтін жағдайға тап болуы ықтимал.
Азия даму банкі (АДБ) Қазақстан экономикасының өсуіне қатысты болжамын қайта қарап, мынадай жайттарды атап өтті: «Салық түсімдерінің ұлғаюы Үкіметке негізгі капиталға салынатын инвестициялар мен әлеуметтік шығыстар көлемін арттыруға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде экономикалық белсенділікті ынталандырды. Сонымен қатар, ОПЕК+ ұйымының мұнай өндіру көлемін арттыру туралы шешімі де экономикалық өсімге қатысты оң күтулерді күшейтті».
Кез келген рақымшылық, бір жағынан, жүйені жеңілдетіп, мемлекеттің ізгілігін көрсетсе, екінші жағынан, маңызды мәселені — құқыққа бағынушылық мәдениетін қалыптастыруды шешпейді. Ол мәселенің себебін емдемейді, тек оның салдарымен ғана күреседі.
Қазақстанның Арал теңізі аумағында жүргізіп жатқан қызметі жай ғана көгалдандыру емес, елдегі ең күрделі аймақтардың бірінің экожүйесін қалпына келтіру болып табылады. Сексеуіл егу жүздеген шақырымға жайылып, құнарлы топырақты жойып жіберетін шаң мен тұзды дауылдарды тежеуге мүмкіндік береді.