Вашингтон. 18 шілде. ИНТЕРФАКС – АҚШ Өкілдер палатасы 216 дауыс қарсы 213 дауыспен бұрын бекітілген бюджет шығындарын 9 миллиард долларға қысқартуды көздейтін заң жобасын...
ЖЭО жылына 1 млрд кВт/сағат электр энергиясын және 2 млн Гкал жылу өндіреді деп болжанып отыр. Қала тұрғындарының наразылығын туындатпау үшін жылу тарифін қазіргі деңгейге жақын, мысалы 2 500 теңге/Гкал деңгейінде белгілесек, жыл сайын 5 млрд теңге жинақталады. Ал 20 жылда – 100 млрд теңге ғана.
Еуроодақтың Ресейге қарсы 18-ші санкциялар пакеті бойынша Словакияның ұстанымы – ел билігінің ең алдымен ұлттық мүддені басшылыққа алатынын көрсетеді. Бұған дейін Словакия сыртқы істер министрі Юрай Бланар да санкциялар мәселесін энергетикалық қауіпсіздік кепілдіктері және ықтимал арбитраждық тәуекелдер үшін 20 млрд еуро көлемінде өтемақы төлеу арқылы шешуді ұсынған.
Айта кетейік, ШЫҰ бүгінгі таңда трансформация және кеңею кезеңінен өтуде. Бұл Арменияның бастамасын ұйымның қазіргі күн тәртібімен үйлесімді етеді. Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ШЫҰ сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы қорытындысы бойынша, ұйымның қыркүйекте өтетін саммитіне 30-ға жуық ел мен халықаралық ұйым өкілдері қатысатынын мәлімдеген.
Перизат Қайратқа қатысты басталған сот ісі – Қазақстандағы қайырымдылық саласының көлеңкелі тұстарын айқындаған тағы бір резонансты оқиға. Миллиардтаған теңге көлемінде жиналған халық қаражатын иемденді деген айып тағылған Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева бұл іске тікелей тартылған тұлғалар ретінде сот алдында жауап беріп жатыр.
Ресей Президенті Владимир Путин Мемлекет басшысын жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен және жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады. Әңгімелесу барысында Президенттер екіжақты қатынастардың күн тәртібін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің мамыр айының соңына жоспарланған Қазақстанға мемлекеттік сапары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.
Владимир Путин Астанада өтетін алдағы келіссөздерге қатысты осындай пайыммен келісетінін білдіріп, барлық стратегиялық маңызы бар салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етті.