АҚШ президенті Дональд Трамп Конгреске жасаған жолдауында екінші мерзіміндегі әкімшілігінің жұмысы туралы есеп беріп, бірқатар жетістіктерін атап өтті.
Климаттық үдерістерге Каспий маңы мемлекеттерінің ешқайсысы тікелей ықпал ете алмайды. Дегенмен әрбір ел Каспийдің экологиялық мүддесін экономикалық және энергетикалық басымдықтардан жоғары қойған жағдайда, теңізді сақтап қалу мүмкіндігі арта түсер еді.
Егер отандық әзірлеме тәжірибелік сынақ барысында тиімділігін дәлелдесе, бұл жол қауіпсіздігін арттыруға нақты үлес қосып, ғылыми қауымдастық үшін де, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін де маңызды нәтижеге айналмақ.
Сиыр етінің бір келісі 10–12 мың теңге болуы керек деген пікір шынымен тосын естіледі. Алайда жуырда Қазақстанда ет индустриясын дамыту және саланың ұзақмерзімді экспорттық стратегиясын қалыптастыруға арналған Dala.Camp форумы өтті.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) есебіне сәйкес, 2025 жылдың төртінші тоқсанында G20 елдерінің тауар саудасы маусымдық түзетулерді ескере отырып әртүрлі өзгеріс көрсетті.
АҚШ Әскери-теңіз күштері ядролық қару алып жүре алатын B-52 Stratofortress стратегиялық бомбалаушы ұшақтарының қару-жарақ жүйесіне жаңа AGM-158C (LRASM) алыс қашықтықтағы кемеге қарсы зымырандарын енгізу үшін Lockheed Martin компаниясымен келісімшарт жасасуға дайындалып жатыр. Бұл туралы ведомство мәліметінде айтылған.АҚШ Әскери-теңіз күштері ядролық қару алып жүре алатын B-52 Stratofortress стратегиялық бомбалаушы ұшақтарының қару-жарақ жүйесіне жаңа AGM-158C (LRASM) алыс қашықтықтағы кемеге қарсы зымырандарын енгізу үшін Lockheed Martin компаниясымен келісімшарт жасасуға дайындалып жатыр. Бұл туралы ведомство мәліметінде айтылған.
АҚШ пен Израильдің әуе соққыларына қарамастан, Иран баллистикалық зымырандар мен соққы беруші дрондар шығаратын зауыттарын сақтап қалды. Соның арқасында ел қару-жарақ қорын толықтыра алады. Бұл туралы жағдайдан хабардар ресми тұлғаларға сілтеме жасаған Bloomberg агенттігі хабарлады.
Ұлыбританияның Корольдік әуе күштерінің Моулсворт базасына заңсыз кіргені үшін ұсталған екі Латвия азаматы кепілмен босатылды. Бұл туралы британ полициясының терроризмге қарсы күрес басқармасы хабарлады.
Ұлттық байлықтың игілігін болашақ ұрпақпен бөлісу – дұрыс әрі әділетті идея. Бірақ кез келген ауқымды әлеуметтік бастама ерте ме, кеш пе бюджеттің қатаң есепке тіреледі: қанша қаражат қажет, ол қайдан алынады және мемлекет қабылдаған міндеттемені 10–20 жылдан кейін де орындай ала ма? Бүгінде «Ұлттық қор – балаларға» және «Келешек» бағдарламалары қатар жұмыс істейді. Екеуінің де түпкі мақсаты ұқсас – баланың болашағына капитал қалыптастыру. Сондықтан ендігі мәселе – осы екі тетікті бір-бірінен бөлек ұстай беру керек пе, әлде оларды бір тиімді жүйеге біріктіруге бола ма? Спойлер ретінде айта кетейік: шешім табылды, ол күрделі пайыздың сиқырында және үшінші бала дүниеге келгенде отбасыларды қолдауда жатыр.