Егер отандық әзірлеме тәжірибелік сынақ барысында тиімділігін дәлелдесе, бұл жол қауіпсіздігін арттыруға нақты үлес қосып, ғылыми қауымдастық үшін де, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін де маңызды нәтижеге айналмақ.
Сиыр етінің бір келісі 10–12 мың теңге болуы керек деген пікір шынымен тосын естіледі. Алайда жуырда Қазақстанда ет индустриясын дамыту және саланың ұзақмерзімді экспорттық стратегиясын қалыптастыруға арналған Dala.Camp форумы өтті.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) есебіне сәйкес, 2025 жылдың төртінші тоқсанында G20 елдерінің тауар саудасы маусымдық түзетулерді ескере отырып әртүрлі өзгеріс көрсетті.
Қытай АҚШ пен Ресей стратегиялық тұрақтылық мәселелері бойынша диалогты қайта бастап, Стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту туралы шарттың (СШҚШ) мерзімі аяқталғаннан кейінгі ықтимал өзара іс-қимыл нұсқаларын талқылайды деп үміттенеді.
Биыл күзге қарай инфляция 9,3%-ға дейін баяулады. Былтыр бұл көрсеткіш 12,3% болған еді. Соған қарамастан, қымбатшылық жалақы мен зейнетақының өскенін іс жүзінде сездірмей отыр. Номиналды табыстың жылдық өсімі небәрі 0,7%-ды құрады. Бұл – ресми дерек. Ал халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қарасақ, қазақстандықтардың едәуір бөлігінің әл-ауқаты жақсарудың орнына төмендеп бара жатқандай. Мұның бәрі қоғамдағы наразылықтың біртіндеп қордалануына әкеледі. Сондықтан бұл жағдай Үкіметті ғана емес, баршамызды алаңдатуы тиіс. Әсіресе әлемнің әр түкпіріндегі саяси және экономикалық ахуал барған сайын күрделеніп жатқан кезде ел ішіндегі тұрақтылықтың маңызы арта түседі.
Биыл бағаның бұрынғыдай қарқынмен өспеуіне теңгенің нығаюы да едәуір ықпал етті. Алайда ұлттық валюта бағамы үнемі осы деңгейде сақтала бермейтіні анық.Теңге айналымға енгеннен бері оның долларға шаққандағы бағамы тұрақты түрде әлсіреп келді. Алғаш айналымға шыққан кезде бір доллар 4,7 теңге тұрған еді. 2022 жылы доллар бағамы 470 теңгеге жетіп, ұлттық валюта бастапқы құнымен салыстырғанда жүз есеге жуық арзандады. Ал былтыр қазанда доллар 550 теңгеге таяды.
Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Азамат Әмрин Құрылтайдағы «Әділет» және «Ауыл» партиялары депутаттарының сауалына берген жауабында 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған қаржылық лизинг шарттарына ғана қосылған құн салығының 12% мөлшерлемесін сақтап қалуға негіз жоқ екенін мәлімдеді.
Беларусь жерінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бітімгерлік күштері қатысатын «Мызғымас бауырластық – 2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Сонымен қатар радиациялық, химиялық және биологиялық қауіптен қорғау және медициналық қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен күштердің «Барьер – 2026» арнайы оқу-жаттығуы өтіп жатыр.
АҚШ Қарулы күштері Иранға қойылған теңіз қоршауын бұзуға әрекеттенген Панама туы астындағы сауда кемесіне зымыранмен соққы берді. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) хабарлады.