Сейсенбі күнгі сауда-саттықта Азия-Тынық мұхиты өңірінің ірі елдерінің қор нарықтары негізінен өсу динамикасын көрсетіп отыр, ал Қытай биржалары ұзақ демалыстан кейін қайта ашылды.
Қазақстан Үкіметі оңтүстік өңірлерде вегетациялық кезеңнің тұрақты өтуін қамтамасыз ету мақсатында су пайдалану лимиттерін бекітті, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
2025 жылы ЕАЭО елдеріндегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2024 жылғы деңгеймен салыстырғанда 1,6%-ға артты. Өсім Одаққа мүше елдердің басым бөлігінде тіркелді
Сарапшы бұл пікірін inbusiness.kz сайтында Салық альянсының өкілі Жанар Сүлейменованың халықтың әл-ауқатын нақты арттыру жолдары туралы көзқарасы жарияланғаннан кейін білдірді.
2025 жылы Қазақстанға келген тікелей шетелдік инвестициялар мен елден шығарылған капиталдың арақатынасы алғаш рет теріс көрсеткішке түсті. ЕАЭО елдерінің ішінде мұндай жағдай тек Қазақстанда тіркелді. Бұл – тәуелсіздік жылдарында бұрын болмаған құбылыс.
Биыл күзге қарай инфляция 9,3%-ға дейін баяулады. Былтыр бұл көрсеткіш 12,3% болған еді. Соған қарамастан, қымбатшылық жалақы мен зейнетақының өскенін іс жүзінде сездірмей отыр. Номиналды табыстың жылдық өсімі небәрі 0,7%-ды құрады. Бұл – ресми дерек. Ал халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қарасақ, қазақстандықтардың едәуір бөлігінің әл-ауқаты жақсарудың орнына төмендеп бара жатқандай. Мұның бәрі қоғамдағы наразылықтың біртіндеп қордалануына әкеледі. Сондықтан бұл жағдай Үкіметті ғана емес, баршамызды алаңдатуы тиіс. Әсіресе әлемнің әр түкпіріндегі саяси және экономикалық ахуал барған сайын күрделеніп жатқан кезде ел ішіндегі тұрақтылықтың маңызы арта түседі.
Биыл бағаның бұрынғыдай қарқынмен өспеуіне теңгенің нығаюы да едәуір ықпал етті. Алайда ұлттық валюта бағамы үнемі осы деңгейде сақтала бермейтіні анық.Теңге айналымға енгеннен бері оның долларға шаққандағы бағамы тұрақты түрде әлсіреп келді. Алғаш айналымға шыққан кезде бір доллар 4,7 теңге тұрған еді. 2022 жылы доллар бағамы 470 теңгеге жетіп, ұлттық валюта бастапқы құнымен салыстырғанда жүз есеге жуық арзандады. Ал былтыр қазанда доллар 550 теңгеге таяды.