Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Бельгияны Қазақстанның Еуропадағы сенімді серіктесі деп атап, оның тәжірибесін үлгі етуге...

Тоқаев Бельгияны Қазақстанның Еуропадағы сенімді серіктесі деп атап, оның тәжірибесін үлгі етуге шақырды

|

|

Астана. 12 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияны еліміздің Еуропадағы сыннан өткен сенімді серіктесі деп атап, оның озық тәжірибесін үйренудің маңыздылығына тоқталды.

«Келесі жылы елдеріміз арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 35 жыл толады. Осы уақыт ішінде шынайы достық пен өзара құрметке негізделген тығыз байланыс орната алдық. Ынтымақтастығымыздың берік негізі – үздіксіз саяси диалог. Біз сіздердің жетістіктеріңізді жіті бақылап отырмыз. Шынында да, қол жеткізген табыстарыңыз таңғаларлық. Бізге сіздерден үлгі алып, тәжірибелеріңізді үйрену қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев дүйсенбі күні Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильдамен шағын құрамда өткен келіссөз барысында.

Мемлекет басшысы бес жыл бұрын Бельгияға жасаған сапары мен сол кездегі келіссөздерді жылы ықыласпен еске алатынын айтты.

«Биыл маусым айында Брюссельге қайта барып, Премьер-министр Барт Де Вевермен өткізген келіссөздеріміз екі елдің серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін тағы бір мәрте растады», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королі мен патшайымының Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келуін екіжақты қатынастардың жаңа кезеңіне жол ашатын тарихи маңызды оқиға деп бағалады.

«Сіздерді Астанада қарсы алу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл – қоғамымыздың зор қызығушылығын тудырған тарихи сапар. Қазақстанға келген мәртебелі делегация құрамында үкімет пен өңірлік билік өкілдерінің, іскер топтардың, ғылыми орта мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің болуы бізді ерекше қуантады. Сіз тақ мұрагері кезіңізде Қазақстанға үш рет келген едіңіз. Елімізбен қарым-қатынасты дамытуға деген ықыласыңызды жоғары бағалаймыз және Сіздің қолдауыңызды әрдайым сезініп келеміз», – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде король Филипп Бельгияның Қазақстанмен және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беретінін жеткізді.

«Қазақстан – біз үшін аса маңызды мемлекет. Елдеріңіздің қарқынды дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Жалпы, Орталық Азия өңірінің де маңызы зор. Бельгияда сіздердің өңірлеріңізге қызығушылық жоғары. Сондықтан бұл сапарға үлкен делегациямен келдік. Әрине, біз бір-бірімізді жақсы танимыз. Елдеріміз 35 жылдан бері тығыз әрі достық қарым-қатынас орнатып келеді. Осы айтулы датаны атап өтуді жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге ынтымақтастығымызды сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеруге толық мүмкіндік бар деп сенеміз», – деді Бельгия королі.

Оның айтуынша, делегация құрамына болашағы зор түрлі салалардың өкілдері енген.

«Президент мырза, бізге уақыт бөліп, сапар барысында бірге болу үшін жұмыс кестеңізге өзгеріс енгізгеніңізді де білемін. Мұндай ілтипатыңыз бізді ерекше толқытты. Бізге көрсеткен құрметіңіз бен бөлген уақытыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз», – деді король Филипп.

Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстан Президентіне жылы қабылдауы мен қонақжайлығы үшін ризашылық білдірді. Сондай-ақ олар еліміздің әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін және халықаралық аренадағы беделінің артып келе жатқанын жоғары бағалады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Previous article

Читать далее:
Related

Kazakhstan carry trade

2025 жылы Қазақстанға келген тікелей шетелдік инвестициялар мен елден шығарылған капиталдың арақатынасы алғаш рет теріс көрсеткішке түсті. ЕАЭО елдерінің ішінде мұндай жағдай тек Қазақстанда тіркелді. Бұл – тәуелсіздік жылдарында бұрын болмаған құбылыс.

Түркия тәжірибесі және Қазақстан

Биыл күзге қарай инфляция 9,3%-ға дейін баяулады. Былтыр бұл көрсеткіш 12,3% болған еді. Соған қарамастан, қымбатшылық жалақы мен зейнетақының өскенін іс жүзінде сездірмей отыр. Номиналды табыстың жылдық өсімі небәрі 0,7%-ды құрады. Бұл – ресми дерек. Ал халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қарасақ, қазақстандықтардың едәуір бөлігінің әл-ауқаты жақсарудың орнына төмендеп бара жатқандай. Мұның бәрі қоғамдағы наразылықтың біртіндеп қордалануына әкеледі. Сондықтан бұл жағдай Үкіметті ғана емес, баршамызды алаңдатуы тиіс. Әсіресе әлемнің әр түкпіріндегі саяси және экономикалық ахуал барған сайын күрделеніп жатқан кезде ел ішіндегі тұрақтылықтың маңызы арта түседі. Биыл бағаның бұрынғыдай қарқынмен өспеуіне теңгенің нығаюы да едәуір ықпал етті. Алайда ұлттық валюта бағамы үнемі осы деңгейде сақтала бермейтіні анық.Теңге айналымға енгеннен бері оның долларға шаққандағы бағамы тұрақты түрде әлсіреп келді. Алғаш айналымға шыққан кезде бір доллар 4,7 теңге тұрған еді. 2022 жылы доллар бағамы 470 теңгеге жетіп, ұлттық валюта бастапқы құнымен салыстырғанда жүз есеге жуық арзандады. Ал былтыр қазанда доллар 550 теңгеге таяды.

Шаруаларға салынатын ҚҚС: Ұлттық экономика министрлігі депутаттарға не деп жауап берді?

Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Азамат Әмрин Құрылтайдағы «Әділет» және «Ауыл» партиялары депутаттарының сауалына берген жауабында 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған қаржылық лизинг шарттарына ғана қосылған құн салығының 12% мөлшерлемесін сақтап қалуға негіз жоқ екенін мәлімдеді.

Беларусьтегі ҰҚШҰ оқу-жаттығулары: жаңа қауіптерге қарсы дайындық

Беларусь жерінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бітімгерлік күштері қатысатын «Мызғымас бауырластық – 2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Сонымен қатар радиациялық, химиялық және биологиялық қауіптен қорғау және медициналық қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен күштердің «Барьер – 2026» арнайы оқу-жаттығуы өтіп жатыр.