Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Грузияның ішкі істер министрі Гела Геладземен кездесіп, құқық тәртібін қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Президент Қ. Тоқаев Референдум қарсаңында Үкімет пен Ұлттық банкке экономикалық өсімді халықтың табысын арттыру және өмір сүру сапасын жақсарту шараларымен үйлестіруді тапсырды. Біріншіден, инфляцияны күрт ауытқусыз, тиімді әрі негізді деңгейге дейін төмендету қажет. Инфляция деңгейінің жоғары болу себептері бізге мәлім. Енді бұл мәселені елдің дамуына нұқсан келтірмей шешуіміз керек. Дегенмен, бұл мәселеге қатысты пікірлер әртүрлі.
Мемлекет нарықтық экономиканың стратегиялық даму бағытын нақты айқындайтын, сондай-ақ қолданыстағы қаржы ресурстарын экономиканың сапалы өсімін қамтамасыз ететін негізгі салаларға бағыттайтын орнықты даму моделі қажет. Экономикалық және қаржылық саясатты қайта жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуы тиіс.
Өкінішке қарай, балабақшалар мен мектептерге баруға қойылатын шектеу барлық екпе алмаған балаларға бірдей қатысты ма, әлде тек медициналық негізсіз вакцина алмағандарға ғана қолданыла ма — бұл жағы нақты айқын емес.
Ұшу тәжірибесінің 900 сағатқа жетуі авиация саласының өлшемімен алғанда азаматтық авиацияда әуе кемесі командирі деңгейіне сәйкес келеді, ал күштік құрылымдар үшін бұл — жоғары кәсібилік пен мінсіз қызметтің айқын көрсеткіші.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Абдельазиз Әл Саудты және тақ мұрагері, премьер-министр Мұхаммед бен Салман Әл Саудты Корольдіктің Құрылу күнімен құттықтады.
Үндістандағы оппозициялық жастар қозғалысы – «Тарақандар халық партиясының» белсенділері дүйсенбі күні Дели полициясынан наразылық шеруін өткізуге нақты күн мен уақыт белгілеуді талап етті. Олар полицияға жауап беру үшін 24 сағат мерзім берді. Бұл туралы Times of India басылымы хабарлады.
2025 жылы Қазақстанға келген тікелей шетелдік инвестициялар мен елден шығарылған капиталдың арақатынасы алғаш рет теріс көрсеткішке түсті. ЕАЭО елдерінің ішінде мұндай жағдай тек Қазақстанда тіркелді. Бұл – тәуелсіздік жылдарында бұрын болмаған құбылыс.