Шағын және микробизнес өкілдері есеп тапсырудың күрделілігі мен тексерулердің алдын ала болжап болмайтынын жиі айтып келеді. Осы тұрғыдан алғанда, Үкімет ұсынып отырған бастама орынды әрі уақтылы көрінеді.
«Азиатский экспресс» басылымының хабарлауынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақ үйдің символдық кілтін және өз қолтаңбасы қойылған бейсболка сыйға тартты.
2025 жыл Қазақстанның көлік саласы үшін жалпы алғанда тұрақты өтті. Ел Қытай мен Еуропа арасындағы халықаралық хаб әрі транзиттік дәліз ретіндегі әлеуетін кезең-кезеңімен арттыруды жалғастырды.
2025 жылы «Ұлттық инвестициялық холдинг «Бәйтерек» АҚ кәсіпкерлікті дамытуға, агроөнеркәсіп кешенін қолдауға, тұрғын үй құрылысы мен ипотекалық кредиттеуге жалпы көлемі 9 трлн теңге бағыттады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратура, Мемлекеттік күзет қызметі және Ішкі істер министрлігінің бірқатар қызметкерлеріне пәтер кілттерін табыс етті.
Ұлттық зерттеу университеті «Жоғары экономика мектебінің» Әлемдік экономика және әлемдік саясат факультетіне қарасты «Ресейдің басымдық берілген елдермен ғылыми-технологиялық ынтымақтастығы» ғылыми-оқу тобының (ҒОТ) семинары қорытындысы бойынша дайындалған талдамалық шолу. Зерттеу авторы – Анастасия Гаврилова.
Еуропалық одақ басшылары Украина Президенті Владимир Зеленскиймен жабық есік жағдайында өтетін кездесуде оған АҚШ Президенті Дональд Трамптың саясатын сынағанда өткір мәлімдемелерден тартынуға кеңес бермек. Бұл туралы бейсенбі күні Financial Times (FT) газеті дереккөздеріне сүйеніп хабарлады.
Жапония билігі елдің әскери-теңіз күштерін атомдық сүңгуір қайықтармен (АСҚ) жабдықтау мүмкіндігін зерделемек. Бұл туралы Nikkei Asia газеті дереккөзге сүйеніп хабарлады.
Сауд Арабиясының әскери күштері «Ансар Алла» қозғалысы (хуситтер) ұшырған зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының басым бөлігін атып түсіргенімен, хуситтер елдің әуе қорғанысындағы осал тұстарды пайдаланып, шабуылдарын жалғастырып жатыр. Бұл туралы Middle East Eye (MEE) басылымы дереккөзге сүйеніп хабарлады.