Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай қаласында орналасқан KIA Qazaqstan автомобиль зауытының ашылу рәсіміне телекөпір арқылы қатысып, жаңа өндіріс орнының жұмысына ресми түрде бастау берді, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Азиа-Тынық мұхиты өңірінің қор нарықтары сейсенбі күні өсім көрсетіп отыр, оған АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қатынастарының жұмсаруы жөніндегі үміт түрткі болды.
Жапонияның бұрынғы ішкі істер министрі және қазіргі билеуші Либералды-демократиялық партияның (ЛДП) көшбасшысы Санаэ Такаити ел тарихында премьер-министр қызметіне тағайындалған алғашқы әйел атанды. Бұл туралы сейсенбі күні Kyodo агенттігі хабарлады.
АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Израиль мен палестиналық ХАМАС қозғалысы арасындағы Газа секторына қатысты келісімді сақтау үшін белсенді әрекет етіп жатыр, деп хабарлайды The New York Times сейсенбі күні өз дереккөздеріне сілтеме жасап.
Мәжіліс депутаттары шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға (ШМББ) қатысты заңнаманы қайта қарауды ұсынды. Құжатта атап өтілгендей, қазіргі таңда соттар заң талабына сүйене отырып, ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарды да шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға міндетті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденконы қабылдады. Бұл туралы дүйсенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Еуропалық комиссия (ЕК) дүйсенбі күні Инновациялық қордың конкурсы аясында зиянды шығарындыларды нөлдік деңгейге жеткізуге бағытталған 77 еуропалық жоба іріктелгенін хабарлады. Оларға жалпы сомасы 3,4 млрд еуро көлемінде қаржылық қолдау көрсетіледі.
Франция премьер-министрі Себастьен Лекорню демалыс күндері болған тәртіпсіздіктерден кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дүйсенбі күні кешке елдің бірқатар ауданында коменданттық сағат енгізілетінін хабарлады.
Еуропадағы жерасты газ қоймаларындағы қор 17 қазандағы газ тәулігінің қорытындысы бойынша 74,47%-ға жетті. Бұл туралы Еуропаның газ инфрақұрылымы операторлары қауымдастығы Gas Infrastructure Europe (GIE) хабарлады.